Арықтағысы келетіндерге жеңіл ас

Арықтағысы келетіндерге жеңіл ас
Фото: bookingcook.ru

Көп адам салмақ тастағысы келеді, бірақ уақыт тығыздығына байланысты жылдам дайындалатын көше астарымен тамақтануға мәжбүр. Осы жағдайды ескере отырып, тез дайындалатын, құнарлылығы аз мәзір ұсынамыз. Кәдіден (кабачок) жасалатын жеңіл ас мәзірін үйде дайындар көріңіз.

Ингредиенты

- 200 г сүзбе;

- 1 жұмыртқа;

- 1 кішкене кәді;

- 3 тал сарымсақ;

- 2 қасық картоп (не жарма) крахмалы

- тұз

                     

Дайындау үшін кәдіні үккіштен өткізіп, артық сұйықтықтан арылтамыз. Үстіне езілген сарымсақ, крахмал, сүзбе, жұмыртқа, тұз – барлығын салып, араластырамыз.

Котлет пішініне келтіріп, қызарғанша орташа отта ұстаймыз. Одан соң қақпағын жауып, 5 минут бұқтырамыз. Асымыз дайын.

@. @assel_assanova