Студент ас үйі: Кәді сорпасы

Студент ас үйі: Кәді сорпасы
Фото: povar.ru

Бүгін сіздерге ұсынылатын «кәді сорпасы» дәмді, жеңіл және тез даярланады. Құрамында көкөніс көп болғандықтан ағзаны қажетті дәрумендермен қамтамасыз етеді.

Керекті азық-түліктер:

— 1 пияз;

— 3 картоп;

— 1 болгар бұрышы;

— 1 сәбіз;

— 1-2 кішкене кәді (кабачок);

— 1/4 балдыркөк (сельдерей) тамыры;

— 30 грамм аскөк, ақжелкен;

— 3-4 ас қасық өсімдік майы;

— тұз;

— су

 

Даярлау жолы:

Жуаны ортасынан бөліп, жіңішкелеп тураймыз да, отта қызып тұрған майға саламыз.

Кәді, балдыркөк, бұрышты төртбұрышты етіп тураймыз.

Сәбізді үккіштің ірі көзінен өткіземіз.

Барлығын табаға саламыз да, олар қуырылып болғанша картопты тазалап, төртбұрыштап тураймыз.

Картопты салып, үстіне су құямыз. Пісуге 2-3 минут қалғанда аскөк пен ақжелкенді саламыз. Тым асығыс болмасаңыз, тауық етімен не кез келген етпен пісіруге де болады.

@. @assel_assanova