Құрамында қанты көп 5 сусын

Құрамында қанты көп 5 сусын
Фото: unsplash.com

Салауатты өмір салтын ұстануға тырысып жүрсеңіз, қант мөлшерін азайтуды қолға алған боларсыз?! Күнделікті рационыңыздан шоколад пен печеньені алу — белгілі қадам, ал не ішіп жүргеніңізге қаншалықты мән бересіз? Жалпы хал-жағдайыңыз бен дене пішініңізге зиян келтіретін құрамында қант мөлшері көп 5 сусынды ұсынамыз.

Ыстық шоколад
Жаңбырлы күні кафеге кіріп, ыстық шоколадқа тапсырыс бергенді жақсы көретіндер бар. Алайда бір стақан ыстық шоколадта шамамен 400 калория және 43 г қант бар. Егер бұл сусынға зефир мен кілегей салсаңыз, оның калориясы одан сайын артады. Оның үйреншікті түрін ащы түріне алмастырыңыз және кілегейдің орнына төмен калориялы өсімдік сүтін таңдаңыз.

Газдалған сусын
Газдалған сусындардың ағзаға зияны жайлы шексіз ұзақ айтуға болады. Бұл сусын тек салмаққа және тістер жағдайына ғана емес, сондай-ақ қартаю процестеріне, тіпті, депрессиялық жағдайға да әсер етеді. Газдалған сусынның орташа құтысында 40 г көмірсулар және шамамен 150 калория болады. Көпшілік диетологтар газдалған сусындардан бас тартуға кеңес береді. Ең болмағанда, оны бірнеше күнде бір рет және тек бір құты ғана ішу керек.

Энергетикалық сусындар
Энергетикалық немесе спорттық сусындар ұзақ мерзімді қарқынды жаттығулар кезінде спортшыларға ішуге арналған. Олардың құрамында жылдам сіңетін және энергия алуға қолданылатын қант көп. Кей бір құты энергетикалық сусында 21 шай қасыққа дейін қант болады. Егер аса тиімді спортшы болсаңыз немесе ұзақ уақыт жаттықсаңыз, онда сіздің денеңіз бұл қанттарды энергияға түрлендіруге қабілетті бола алады. Егер олай болмаса, оның орнына су ішкен дұрыс.

Сүтті коктейль
Әдетте, кафелердегі сүтті коктейлдер балмұздақ, кілегей, шоколад және тәтті сеппелерден тұрады. Бірден бірнеше десертті ауыстыра алатын мұндай сусындар әлеуметтік желілерде кең тарап кетті. Бірақ оларда 1000-нан артық калория болуы мүмкін. Мұндай коктейль ішкіңіз келген кезде банан және құрма (финик) секілді табиғи тәттілендіргіштер қосылған түрін іздеп көріңіз.

Алкогольді сусындар
Құрамында қанты көп алкогольді сусындарға градусы жоғары сусындар ғана емес, сыра мен вино да жатады.

А. Жапатова