- Негізгі бет
- Аспаздық
- 5 дұрыс тағам...
5 дұрыс тағам үйлесімі
Кей кездері дұрыс әрі пайдалы тағамдар жесеңіз де асқазаныңыз ауырып тұрғандай сезім пайда болады. Ол тағамдардың бір-бірімен үйлеспеуінен болуы мүмкін. Ағзаға жайсыздық сездірмейтін 5 тағам үйлесімін ұсынамыз.
Йогурт пен жемістер бір-бірімен жақсы үйлесім табады. Үйдің йогурты болғаны жақсы. Олар жасұнық пен ақуыздың жақсы үйлесімін береді.
Сәбіз шырыны мен кілегей. Кез келген май бета-каротиннің сіңуіне көмектеседі. 1 стақан шырынға 1 ас қасық кілегей салып ішіңіз.
Балық пен лимон да бірге жүреді. Лимон суы дәмдеуіштердің орнын басып, оның құрамындағы С дәрумені ағзаға балық темірінің және тұзының сіңірілуіне көмектеседі.
Қияр мен қызанақ – өте дәмді жұп. Қияр мен қызанақтан жасалған салатты бірден жеп қою керек. Егер салатты көп мөлшерде дайындап, одан артық қалған салат тұрып қалса, қияр ферменттері қызанақтағы С дәруменін бұзып тастайды.
Аскөк пен ет. Етті жегенде асқазанға ауыр болмас үшін аскөк пен көкөністердің көп болғаны жақсы.
А. Жапатова