Спагеттиге арналған тұздық

Спагеттиге арналған тұздықты қалай әзірлеу керектігін білмесеңіз, кезекті материалымызды оқыңыз. Әрине, тұздықтың түрі өте көп. Бірақ назарларыңызға классикалық түрін ұсынамыз. 

Оны әзірлеу үшін бізге:

- 2 қызанақ;

- зәйтүн майы; 

- тұз;

- қара бұрыш;

- насыбайгүл (бизилик) қажет. 

Қызанақты үккіштен өткізіп, қалған ингредиенттерді қосамыз. Барлығын жақсылап араластырамыз. Осымен тұздығымыз дайын. Астарыңыз дәмді болсын! 

Қалай жасау керектігін төмендегі видеодан да көре аласыздар.