Денсаулыққа пайдалы нан

Мұндай нанды дайындау үшін небары 60 минутыңыз кетеді. Оның денсаулығыңызға пайдасы өте көп. Ендеше,  бұл нанды дайындап үйреніңіз.

Ол үшін сізге:

- 1 стақан күнбағыс пістесі;
- ½ зығыр дәні;
- ½ стақан орман жаңғағы;
- 1,5 стақан сұлы қауызы;
- 4 ас қасық бидай ұнының кебегі;
- 1 шай қасық тұз;
- 1 ас қасық қоңыр қант;
- 3 ас қасық өсімдік майы;
- 1,5 стақан су керек.

Дайындау жолы:

1. Егер сіздің үйіңізде арнайы нан пісіруге арналған силикон пішін болса, онда міндетті түрде соны алыңыз. Ал болмай жатса, қарапайым ыдыстармен де дайындай беруге болады. Тек оның астына пергамент қағазын төсеп, аздап май жағуыңыз керек. Біреуіне құрғақ компоненттерді салсаңыз, екіншісіне қант, май, суды салып араластырыңыз. Жақсылап араластырып болғаннан соң құрғақ ингредиенттердің үстіне қосыңыз. Одан кейін тағы да араластырып, нан пісіретін құралыңызға салып, қамырды 2 не одан да көп уақытқа қалдыруыңыз керек. Ол өте қатты әрі қалың болғанға дейін күтіңіз.

2. Пешті 175-180 градусқа дейін қыздырып, дайын болған қамырды 20 минутқа салыңыз. Содан соң сізге жайпақ қаңылтыр таба қажет болады. Жартылай піскен нанды пештен шығарып, ақырын жаңағы жайпақ табаға аударып, қайтадан 30-40 минутқа пешке қойыңыз.