Мәзір: Классикалық брауни

Құрметті оқырмандар, кезекті мәзірімізде классикалық браунидің жасалу жолын ұсынамыз. 

— 100 г ұн;

— 100 г қант;

— 200 г ащы шоколад;

— 4 жұмыртқа;

— 100 г кез келген жаңғақ;

— 200 г сары май;

— 1 ас қасық бренди.

1. Азық-түліктерді түгендейміз.

2. Шоколад пен майды суда ерітеміз. 

3. Қант пен жұмыртқаны араластырамыз. 

4. Жаңғақты майдалаймыз. 

5. Шоколад пен майдың үстіне ұн саламыз. 

6. Оның үстіне жұмыртқа мен қантты саламыз. 

7. Жаңғақты салып, тағы да араластырамыз. 

8. Сұйықтықты ыдысқа құямыз. 

9. 180 градуста қызып тұрған пеште 25-35 минут пісіреміз. 

10. Піскен соң суығанын күтеміз. Артынша төртбұрыштап кесеміз.