Денсаулыққа пайдалы диета – 11

Арықтауға арналған диеталармен қатар ауырған кезде ұстайтын диеталар бар. Олар денсаулықтың мықты болуына септігін тигізеді. Дәрігер мамандар денсаулыққа арналған диеталардың аурудан тез айығуға әсер ететінін айтады. Оларды осы қасиетіне байланысты «денсаулыққа пайдалы диеталар» деп атайды. Денсаулыққа пайдалы диеталар белгілі бір дене мүшесінің қызметінің бұзылуына байланысты тағайындалады. Дұрыс таңдалған диета ішкен дәрілердің әсерін күшейтеді. Кезекті материалымызда олардың әрқайсысын сипаттап өтейік.

Денсаулыққа пайдалы №11 диетасы өкпе туберкулезы кезінде тағайындалады. Бұл ауруға шалдыққан кезде ағзамыз қатты әлсірейді. Сол себепті күнделікті жейтін тамағымыздың калориясын 30%-ға арттырып, ағзаның қорғаныш қызметін күйшеткен жөн. Оны күйшейтуге ет, балық, сүт сынды тағамдар көмектеседі. №11 диетасының бір тәуліктегі нормасы - 150 г ақуыз, 130 г май, 500 г көмірсу. Ал жалпы калория – 3 700 ккал. Тұзды әдеттегідей қоса беруге болады. Бұл - өзге диеталардан ең басты айырмашылығы. Күніне 4-5 рет тамақтануды ұсынады.

Тамақтану тәртібі:

- ірімшік, қатық;

- көкөніс, жеміс, итмұрын қайнатпасы;

- сиыр бауыры;

- ашытқыш сусындар;

- күніне 1-2 жұмыртқа.

Қандай тағамдарды жеуге болмайды?

- қойдың, шошқаның, қаздың және үйректің майлы еті.

Өкпе туберкулезы кезінде тағайындалатын диета қаны мен салмағы аз жандарға да септігін тигізеді. Кептірілген өрік қандағы гемоглобин мөлшерін көбейтеді. Мұнымен қатар, гемоглобинді көтеруге қаймақ қосылған сәбіздің, піскен қызылшаның, өсімдік майының пайдасы мол.

Осыған дейін арықтауға арналған күріш диетасыарықтауға арналған мұз диетасыарықтауға арналған жұмыртқа диетасыарықтауға арналған қант диетасыарықтауға арналған құлпынай диетасыарықтауға көмектесетін диета,  жігіттерге арналған диетатез арықтататын диета сынды диета түрін жазған болатынбыз. Олардың да көмегі тиер деген ойдамыз.