Денсаулыққа пайдалы диета - 10с

Арықтауға арналған диеталармен қатар ауырған кезде ұстайтын диеталар бар. Олар денсаулықтың мықты болуына септігін тигізеді. Дәрігер мамандар денсаулыққа арналған диеталардың аурудан тез айығуға әсер ететінін айтады. Оларды осы қасиетіне байланысты «денсаулыққа пайдалы диеталар» деп атайды. Денсаулыққа пайдалы диеталар белгілі бір дене мүшесінің қызметінің бұзылуына байланысты тағайындалады. Дұрыс таңдалған диета ішкен дәрілердің әсерін күшейтеді. Кезекті материалымызда олардың әрқайсысын сипаттап өтейік.

10с диетасы атеросклероз кезінде тағайындалады.

Тамақтану тәртібі:

- қызылша, орамжапырақ, баялды, асқабақ, шомыр;

- бұршақ, бадана, атбасбұршақ, соя;

- көк пияз, салат, ақжелкен;

- алма, таңқурай, шие, қара және қызыл қарақат, шетен;

- бірнеше тілім нан;

- сұлы, қара күріш;

- өсімдік майының рафинадталмаған түрі (күнбағыс, зәйтүн);

Дәрігерлер атеросклероз кезінде күнделікті теңіз орамжапырағын жеуге кеңес береді. Оны ыстық суға салып, жұмсарған соң жеуге болады.

- аптасына 1-2 балық;

- аптасына 4 жұмыртқа;

- майсыз қатық;

- күніне 1 піскен сәбіз;

- көк шай.

Қандай тағамдарды жеуге болмайды?

- майлы ет, майлы қаймақ, бүйрек, бауыр, ми мен шұжық;

- күніне тек 2-3 г тұз жегені жөн (тамаққа қосып);

- тәтті тағамдар;

- суды қайнатып немесе тазартып ішкен жөн. 

Осыған дейін арықтауға арналған күріш диетасыарықтауға арналған мұз диетасыарықтауға арналған жұмыртқа диетасыарықтауға арналған қант диетасыарықтауға арналған құлпынай диетасыарықтауға көмектесетін диета,  жігіттерге арналған диетатез арықтататын диета сынды диета түрін жазған болатынбыз. Олардың да көмегі тиер деген ойдамыз.