Майлы дақты кетіру жолдары

Майлы дақты кетіру жолдары
Фото: womenspeaks.ru

Күйіп кеткен табаны, тат басқан ыдысты оңай тазартудың жолдары бар ма?

Күйіп кеткен табаны тазарту үшін кішкене су құйып (түбін түгелдей жабатындай етіп), 1 кесе ақ сіркесуын қосыңыз. Пеште бірнеше минут бойы қыздырып, 2 ас қасық ас содасын қосыңыз. Табаны пештен алып, тазартыңыз.

Блендерді тазарту үшін оған жылы су мен тазартқыш сұйықтық құйыңыз. Блендерді қосып, араластырыңыз.

Губканы тазарту үшін микротолқынды пеште бірнеше минут бойы қыздырыңыз. Бұл әдістің көмегімен губканың 99 пайыз микробы өледі.

Духовканы майдан, тағамның қатып қалған қалдықтарынан тазарту үшін сұйық аммиак құйылған кішігірім табақты қойып, есігін жауып, түнге қалдырыңыз. Таңертең ашып, кірді оңай сүртіп ала аласыз.

Кофетартқышты тазарту үшін шикі ақ күрішті ішінде үгітіңіз. Ол артық иістен тазартады. Содан соң 1 ас қасық ас содасын ұнтақтап, шүберекпен сүртіп, тазартыңыз.

Бақалшықты (раковина) тазарту үшін Алька-Зельцердің 4 таблеткасын салып, үстінен 1 кесе дистилденген сіркесуын құйыңыз. 10 минуттан кейін қайнаған сумен жуып тастаңыз.

Пешті тез әрі оңай тазарту үшін бірнеше тамшы өсімдік майын сүлгіге тамызып, майлы жерлерді сүртіп шығыңыз.

Ал сіз қандай қулықтарды білесіз?

Ұқсас жазбалар:

Ас үй ханшайымдарына кеңес #5. Шыны ыдысты тазалау

Сіркесуын пайдаланудың жолдары

Ф. Абилова