Қара өріктің пайдалы қасиеттерін білесіз бе?

Қара өріктің пайдалы қасиеттерін білесіз бе?

1. Қара өріктің құрамында жасұнық мол болғандықтан іш өткізетін қасиеті бар. Ол ішек-қарын жолдарының қызметін қалыпқа келтіреді.

Іш қатып қалса, кешке қара өрікке қайнаған су құйып, таңертең тұнбаны ішу керек.

2. Қара өрік арықтауға көмектеседі. Арықтау үшін күніне оның 5-еуін құрғақ күйінде жеу керек. Біраз уақыттан кейін теріңіздің жақсарып, артық салмақтың азайғанын байқайсыз.

3. Қара өріктің құрамында А дәрумені көп болғандықтан, көзді емдеуде қолданылады.

4. Онкологиялық аурулардың алдын алу үшін де пайдалы жидектің бірі – қара өрік.

5. Жүрек қызметін жақсартуға және қан қысымы жоғары адамдарға көмектеседі.

6. Ағзаны жасартып, иммунитетті нығайтады.

7. Қара өріктің көмегімен күс пен терінің қажалуын жазуға болады.

Медицина тұрғысынан қара өріктің пайдасы қандай?

Ресми медицина қара өрікті пайдаланып ішек-қарын жолдары ауруларын, бүйрек, бауыр мен жүректі емдейді.

Дегенмен қара өрік кейбір жағдайда емдік препарат ретінде жарамайды, мысалы, семіздік пен диабетпен ауыратын адамдарға қара өрікті жеуге болмайды. Сондай-ақ, бала емізетін аналарға, кішкентай балаларға жеуге болмайды, себебі, оның әсерінен асқазан ауруы мүмкін.

Сурет: gpopremier.com

Ұқсас жазба:

Денсаулыққа қандай тағамдар пайдалы?

Ф. Абилова