Денсаулыққа пайдалы кофе

Әр таң сайын кофе ішуді дағдыға айналдырған адамдар көп. Алайда олар бұның зиянды екенін біле тұра әдетінен бас тарта алмайды. Сондықтан біз денсаулыққа пайдалы кофенің жасалу жолын назарларыңызға ұсынамыз.

Ол үшін бізге кофе дәндері, 2 ас қасық табиғи сары май, бірнеше тамшы кокос майы керек.

Жасалу жолы:

Табиғи кофені туркада (кофе қайнатқыш) қайнатамыз. Оны кесеге құйып, бірнеше тамшы кокос майы мен құрамында тұзы жоқ сары май қосыңыз. Барлығын бір тұтас қоспа болғанынша жақсылап араластырыңыз.

Бұл кофе ағзаға қуат береді. Күні бойы жиналатын артық калорийлерді ағзаңыз өздігінен жоюға кіріседі. Кокос майы ас қорытуды тездетіп, зиян холестерин құрамын төмендетеді. Сондай-ақ бұл кофе аштық сезімнен арылуға да көмектеседі.

Алайда, бұл кофені көп мөлшерде және жиі ішуге болмайды.

Сурет: odvovnrkalscmin.ru

Ұқсас жазбалар:

Күніне төрт рет кофе ішу сізді диабеттен сақтайды

Кофе ішуге қолайлы уақыт

Кофе және тарих