Шайды қалай сақтаймыз?

Шайдың дәмді болуы дұрыс сақталуына байланысты екенін бірі білсе, екіншісі бұл сұрақтың жауабын іздеп әуреге салынбайды.
Шайдың жақсы дәмін сақтап қалу үшін төмендегі бірнеше ережені ұстану керек:

♦ Шайды қараңғы әрі құрғақ жерде сақталады. Себебі, шай жапырақшалары ауадан ылғалды сіңіріп, тез көгереді;
♦ Микроағзалар төмен температурада өмір сүре алмайтындықтан, шайға күн сәулесі тікелей түспегені жөн;
♦ Шай жапырақшалары ылғалмен қатар иісті жақсы сіңіретіндіктен, әтір сынды заттарға, иісі мүңкіп тұрған тағамдарға жақындатпау керек;
♦ Шай салынған ыдыстың қақпағын жақсылап жабыңыз. Бұл ыдысқа ауа кіретін болса, құрамындағы ағзамызға пайдалы полифенол заты азаяды.

Шайды қайнату температурасын сортына байланысты таңдаймыз. Шай ферменттелген сайын жоғары температураны қажетсінеді.
Әдетте, қара шайды 90-100° С градуста қайнатады. Мұнымен қатар, судың беті көпіршіктеніп келе жатқан сәтті жіберіп алмау керек.
Ал көк шайды 70-90° С градуста қайнатады. Көк шайды 3 ретке дейін самасын ауыстырмай пайдалануға болады.
Шайды 1-7 минутқа дейін қайнатады. Шөп пен жеміс дәмі араласқан шайды ұзағырақ қайнатуға болады.

Оқи отырыңыз:

Шай мәдениеті туралы бірер сөз

Шай мен кофенің пайдасы бірдей ме?

Әлемдегі шай мәдениеті дамыған 10 мекен

Тоңазытқыштан ыстық шай ішіңіз

Сурет: rumbur.ru