Сабын көпіршіктерін жасаудың 2 әдісі

Бала күнімізде небары 25-30 теңгеге сатып алып, үрлеп ойнайтын сабын көпіріндісі есіңізде ме? Оны жасаудың бірнеше әдісі бар. Және ішіндегі ең қарапайым түрі мынау: 3 стақан суға 1 стақан ыдыс жууға арналған құралды қосыңыз. Артынша үстіне 100 грамм глицерин құйыңыз. Глицеринді кез келген дәріханадан арзан бағамен сатып алуға болады. Ал суды құрамында хлоры көп болатындықтан, краннан алмағаныңыз жөн болар.

Бұдан да күрделірек әдіс бар. Оны жүзеге асыру үшін 3 стақан ыстық судың үстіне 1,5 стақан глицерин, 15 тамшы мүсәтір спиртін қосыңыз. Және үстіне 50 грамм кір жууға арналған ұнтақ салыңыз. Барлығын жақсылап араластырған соң 3 сағатқа тоңазытқышқа салып қойыңыз. Артынша көпіршіктің сапасын тексеріңіз, ол 30 секундке дейін жарылмай шыдауы тиіс. 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: liveinternet.ru