20 елдің тіл үйірер тәттілері

20 елдің тіл үйірер тәттілері
Фото: adme.ru

Тәттіні жақсы көретін жандар көпшілігінде қыздар қауымы болып келеді.  Тіске басар тәттілерді біреу ұсынса, қолын бос қайтармайтынымыз анық. Әлем елдеріндегі тәттілердің бейнесін көргенімен, дәмін тату тәттіні жақсы көретін кейбір жандар үшін арман. Назарларыңызға әлем елдеріндегі танымал тәтті түрлерін ұсынамыз. 

Тирамису, Италия

Бұл көп қабатты жеңіл десерт дүние жүзіне танымал. Оның басты құрамын маскарпоне ірімшігі, кофе мен савоярди печеньесі құрайды. 

"Гиннес" шоколад торты, Ирландия

Бұл торттың құрамы бір-бірімен үйлеспейтін шоколад пен сырадан тұрады. Мұны Рождество мен Әулие Патрик күні үшін ирландық өнертапқыш ойлап тапқан.

 Чизкейк, Америка

 

Чизкейк —  сүзбе немесе ірімшіктен тұратын тәтті десерт. Ол ең бірінші Ежелгі Грекияда пайда болып, бүгінде бүкіл әлемге танымал, әсіресе АҚШ-та.

 Пикаронес, Перу

Бұл тәттіні Оңтүстік Америкада көп адамдар ұнатады. Алайда Перу елінде үлкен танымалдылыққа ие. Оны дайындау үшін асқабақ немесе тәтті картоп, аздап бал немесе тәтті шырын және цитрусты жеміс-жидектер қажет.

Альфахор, Аргентина

Альфахор —  арасына карамель немесе тосап жағылған екі қабатты печенье. Үстіне қант ұнтағын, немесе кокос жаңғағын себеді. 

Пудинг, Англия

Пудинг - ХІІІ ғасырға дейін еттен дайындалып келген. Ал бүгінде ағылшындардың ұлттық десертіне айналған. Дайындау үшін жұмыртқа, қант, ұн және сүт керек.

"Орыс тымағы", Хорватия

Балқанда танымал десерт атауы казактардың жүн қалпағына ұқсастығымен байланысты. Мұның дайындау жолы өте қарапайым: бисквит қамырына шоколад жағып, жан-жағына кокос жаңғағын себесіз.

"Захер" торты, Австрия

Бұл тортты ХІХ ғасырдағы атақты кондитерші аспаз Франц Захер ойлап тапқан. Австриялықтардың сүйікті тәттісінің құрамында ұн, шабдалы тосабы және шоколад бар.

Трдло, Чехия

Трдло - пішімі түтікше тәрізді тәтті тоқаш. Оны ашық отта пісіріп, құрамына қант, тосап қосады. Бетіне жаңғақ үгітіндісін немесе кокос жаңғағын себеді.

Чуррос, Испания

Испандықтардың ең сүйікті десертінің қамыры қарапайым таяқша етіліп кесіліп, пісірілген. Оны ыстық шоколадқа батырып жейді.

Эклер, Франция

Эклер - ішінде кремі бар тәтті нан. Мұны тіпті Францияда тұздап та жасайды.

Карамельді жеміс, Қытай

Жеміс десертін дайындау өте қарапайым. Алдымен карамелін жасау үшін қант, су, лимон шырыны керек. Содан соң кез келген жемісті алып, карамельге батырып аласыз. Мұны Қытайда көше сатушысынан немесе элиталық ресторандардан алуға болады. Көшелерден алма немесе мандарин карамелін алсаңыз, ресторандардан ананас, қауын, алмұрт, банан секілді карамельдерді ала аласыз. 

Вагаси, Жапония

Құрамында әр түрлі шөптер мен шай, бұршақ, талшын, күріші бар бұл десерт сіз ойлағандай дәмі тәтті емес. Алайда Вагаси Жапонияда ұлттық десерт болып табылады.  

Ірімшік құймағы, Ресей

Қуырылған құймақ негізінен ірімшіктен жасалады. Одан өзге жүзім, басқа да кептірілген жемістер жаңғақ, алма немесе алмұрт қосуға болады. Дайын болған құймақ бетіне тосап, қаймақ салады.

Гулабджамун, Үндістан

Тәтті шырын ішіндегі құрғақ сүттен дайындалған кішкене шар тәрізді десерт.

Хангва печеньесі, Корея

Құрамында бал, жеуге жарамды гүл, тамыр және астық дәні бар корея ұлттық тағамы.

Куксистер, БАӘ

Бұл көпшілігімізге таныс тоқаш. Тек дөңгелек емес өрілген пішінде келген. Үстінен тосап құйып жейді.

Панданус жапырағынан жасалған құймақ, Индонезия

Панданус - хош иісті жапырақтары бар экзотикалық өсімдік. Оның жапырағынан көптеген азиялық тағамдар, тіпті құймақ та жасалады.

 Пахлава, Түркия

Қатпарлы қамыр арасына май мен балды құйып пісіреді. Арасына жаңғақ сеуіп отырасыз.

"Павлова" торты, Австралия

Үлпілдек торт жұмыртқанын ағы және құймақ пен құлпынай жемісінен жасалады. Мұны Анна Павлованың жасыл құрлыққа алтыншы сарапының құрметіне шығарған.

Н. Үсенова