Массагеттен мәзір: Кәді құймақтары

Массагеттен мәзір: Кәді құймақтары

Көкөністерге бай кезеңде күздің берген сыйларын елемеу дұрыс емес. Көкөністер мен жемістерді тамаққа қосып, күзде жақындарыңызды тамақтың түрлілігімен қуантуға болады. Бүгін кәдіден оңай жасалатын құймақтарды әзірлейік.

Құрамы:

  • 1 үлкен кәді (немесе бірнеше кішкентай);
  • 2 жұмыртқа;
  • 7 ас қасық ұн;
  • 3 ас қасық ұнтақ жармасы (манка);
  • сұйық май;
  • қамыр қопсытқышы;
  • тұз, бұрыш.
Кәдіні жуып, қаласаңыз, қабығын ашып, үккіштен өткіземіз.
Үгітілген кәдіге жұмыртқа, тұз бен бұрыш қосып араластырыңыз.
Ұн, ұнтақ жармасын қамыр қопсытқышымен араластырып, кәдіге қосамыз.
Ұнды кәдімен араластырып, қою емес қамыр жасаймыз.
Табаға майды қыздырып, кәді құймақтарын ас қасықпен салып қуырыңыз.
Құймақтарды екінші жағынан да қуыруды ұмытпаңыз.
Кәді құймақтары дайын! Тұздықты дайындау үшін, майонезді не қаймақты майдаланған сарымсақпен араластырыңыз.

Астарыңыз дәмді болсын!

Ас үйде болған: Сания Аринова

С. А