Тырнаққа арналған 4 маска

Тырнаққа арналған 4 маска

Тырнағыңыз сына берсе немесе тырнағыңыздың күтімді болғанын қаласаңыз, мына жазба сіз үшін. Үй жағдайында өз-өзімізге күтім көрсете аламыз. 

Лимон шырыны. Лимонды екіге бөліп, 10 минуттай тырнағыңызды лимонға батырыңыз. Сосын лимонды тоңазытқышқа ас шытырлағына орап, салып қойыңыз. Бұл лимонды бір апта бойы тырнақ күтіміне пайдалана аласыз. Лимонның көмегімен жасалатын тырнаққа арналған масканы араға бір күн салып, 2 апта бойы жасау керек. 

Ас тұзы. 200 мл жылы суға 1 ас қасық ас тұзын, 1 ас қасық сода мен кез келген сусабынды құю керек. Эфир майының бірнеше тамшысын тамызсаңыз да артық етпейді. Қоспаға қолыңызды 10-20 минуттай батырып отырыңыз. Маскадан кейін қолды сүртіп, қоректендіретін крем жағыңыз. Бұл масканы күн сайын жасауға болады. 

Йод маскасы. Мақта көмегімен жатар алдында тырнаққа йод жағыңыз. Басында тырнағыңыз сарғаяды, ұйқыдан тұрғанда йод сіңіп, тырнағыңыз өз түсіне қайта келеді. Бұл маска тырнақты берік етіп, тез өсіреді.

Желатин ваннасы. Жарты қасық желатинді бір стақан ыстық суда ерітіп, қоспа суығаннан кейін тырнақты 15-20 минуттай батырып қоямыз. Бұл ваннаны бір аптада 2-3 рет қолдану керек. 

Жоғарыдағы тырнаққа арналған маскаларды тек саусақ тырнағына ғана емес, башпай тырнағына да жасауға болады. Ең дұрысы – бір жасағанда, екеуіне де бірге істеңіз.  

Сурет: blogcurtaegrossa.wordpress.com

Ұқсас жазба:

Тырнақ бояудың сырлары

Р. Роза