- Негізгі бет
- Сымбат
- Табыс әкелетін маникюр...
Табыс әкелетін маникюр
Біз барлығымыз өмірде тек жақсылық болып, өзгерістер оңынан болғанын қалаймыз. Кей адамдар жақсылыққа болжап, бөлмесін, жұмыс орнын, жалпы қоршаған ортасын безендіруге тырысады. Кейде киім мен әшекейді де денсаулығымызға пайдасы тиер деп немесе табыс әкеледі деп сеніп таңдап жатамыз. Дұрыс таңдай білсеңіз, әйел адамның визит карточкасы — маникюр де табыс әкелуі мүмкін. Бұл жерде әр адамның сеніміне ғана байланысты екенін ұмытпайық.
Тырнақтағы бейненің түрі, түсі, пішіні, суреті және қолданылуы нақты энергия түрлерін тартады және сақтап қалады. Ал әйел адамдар алақанында орналасқан энергия көздерін пайдалана алатындықтан, оны іске асыру жеңілге түседі.
Табыс әкелу үшін тырнақты қалай бояу керек?
Қолдағы барлық саусақта мәнді күш бар. Олардың әрқайсысы түрлі бағыттағы энергия тартады. Қалауыңызды анықтасаңыз болғаны, соған сәйкес маникюр жасауға болады.
Оң қолдың саусақтары
1. Бірінші саусақ ақыл-ой мен зияткерлік өрлеуін сипаттайды.
2. Сұқ саусақ әлемді өзімшіл қабылдау және қанағатсыздықты бейнелейді.
3. Ортаңғы саусақ ашулық пен наразылықты білдіреді.
4. Аты жоқ саусақ достық пен махаббатты көрсетеді.
5. Шынашақ тыныштық, келісім және аманшылықты сипаттайды.
Сол қолдың саусақтары
1. Бірінші саусақ уайымды және нәтижесіз тырысуды сипаттайды.
2. Сұқ саусақ сенімсіздік пен қорқуды бейнелейді.
3. Ортаңғы саусақ сезімтал энергияларды жеңіл қабылдауды білдіреді.
4. Аты жоқ саусақ жалғыздық, ажырасуды көрсетеді.
5. Шынашақ өтірік айтуды сипаттайды.
Содан соң сіздің қандай стихияға жататыныңызды анықтаймыз. Адамның өмірлік жолын көрсететін бес негізгі стихия бар: су, жер, от, ағаш және металл.
Өз стихияңызды анықтау үшін туған жылыңыздың соңғы санын таңдайсыз:
0 немесе 1 — металл стихиясы, металл, сары, ақ және қоңыр түстер тербелісі;
2 немесе 3 — су стихиясы, металл, көгілдір, көк, ақ және қара түстер тербелісі;
4 немесе 5 — ағаш стихиясы, жасыл, қара, көк түстер тербелісі;
6 немесе 7 — от стихиясы, қызыл және басқа барлық ашық түстер тербелісі;
8 немесе 9 — жер стихиясы, қоңыр-сары түстер тербелісі.
Түстердің мағынасы
Ақ — тыныштықты білдіретін бейтарап түс;
Көгілдір — қиын мәселелерді шешуге итермелейтін суық түс;
Сары — жан тыныштығы мен жақсы көңіл-күй;
Жасыл — ішкі балансты орнықтыратын табиғат пен өмір түсі;
Алтын — адамға физикалық және рухани күш береді;
Қоңыр — тыныштық пен жылылық;
Қызыл — қызуқандылық пен өмірге деген құштарлық;
Лимон — жақсы тәбет және жеңіл қарым-қатынас;
Сарғылт — көңіл-күйді көтереді;
Қызылкүрең — қысымды төмендету және бағытты жақсарту;
Алқызыл — нәзіктік түсі;
Көк — адамның психологиялық жағдайына жақсы әсер етеді;
Күлгін — көңілді татулыққа бағыттайды.
Ары қарай қалауыңыз бен қиялыңызға байланысты. Өмірдің қай саласынан (махаббат, табыс, ақша, денсаулық және т.б.) қолдау алғыңыз келетінін анықтап, қолыңыздың "дұрыс" саусақтарын ерекшелеңіз. Қазіргі тенденцияларда күшті қолдана отырып, әдемі, сәнді маникюр жасауға мүмкіндік көп.
А. Жапатова