Сән-2016: Күңгірт маникюр

Сән-2016: Күңгірт маникюр
Фото: iris56.ru

Жылтыр маникюр әрқашан эталон саналады, алайда осы жылы күңгірт (матовый) маникюр сәнге айналды. Бүгінгі материалда жылтыр (глянцевый) емес күңгірт маникюр дизайнының әртүрлі идеяларымен бөлісеміз.

Сәнді күңгірт маникюрдің жасалуы классикалық маникюр секілді қарапайым. Тырнаққа арналған лак өндіретін көптеген бренд күңгірт маникюрге арналған құралдар шығарды. Ол үшін алдымен тырнаққа арналған қарапайым лакпен бояйсыз, одан соң бетін маникюрге арналған арнайы құралмен жабасыз. Ол кепкен соң лактың жылтырағаны кетіп, күңгірт күйге енеді. 

Классикалық бір түсті күңгірт маникюр

Бір түсті күңгірт маникюр стильді әрі жинақы көрінеді. Егер сіз нейл-артты ұнатпасаңыз, осы вариантты таңдаңыз.

Күңгірт градиент

Ашық түстен қою түске бірқалыпты ауысу қарапайым маникюрде ғана емес, күңгірт маникюрде де қолданылады. Көзтартарлық мұндай маникюр сәнқой қыздардың күнделікті маникюріне айналып үлгерді.

Жылтыры бар күңгірт маникюр

Егер сізге күңгірт маникюр қарапайым көрінсе, тырнақ дизайнына жылтыр қосып көріңіз. Бастысы жылтырдың көп болмауын қадағалаңыз.

Күңгірт-жалтырлы маникюр

Кең тараған маникюрдің бір түрі — френч. Френчті жалтыр және күңгірт лакпен араластырып жасауға болады. Тырнақтың ұшы жылтырайтындай етіп, ал тырнақтың өзін тегіс күңгірт етіңіз. 

Күрделі дизайн

Егер нейл-артты ұнатсаңыз, суреттері бар күрделі маникюр дизайнын таңдаңыз. Мысалы, бір тырнағыңызға сурет салдырып немесе басқаларынан өзге түске боятып, ерекше етуіңізге болады. Күгірт маникюрмен басқа тағы бір тренд түрін біріктіріп жасауға да болады. 

А. Жапатова