Табиғи косметиканы қалай ажыратуға болады?

Табиғи косметиканы қалай ажыратуға болады?
Фото: ru.freepik.com

Қазір күтім құралдары мен декоратив косметикалардың сыртынан "bio", "organic" және "natural" сөздерін жиі кездестіруге болады. Себебі соңғы жылдары табиғи косметика танымалдыққа ие, олардың тиімділігі дүкен сөрелеріндегі beauty-құралдардан кем емес. Алайда күтім құралының шынымен де табиғи компонеттерден дайындалғанын қалай білеміз?

Құрамында 95%-тен аз емес табиғи ингредиенті бар құралды табиғи косметика деп атайды. Сондықтан табиғи косметика аларда ең алдымен оның құрамын оқу керек.

Табиғи косметиканың құрамында мыналар болмауы керек:

- синтетикалық хош иістендіргіштер мен бояғыштар;
- жануар шикізаты;
- парабендер;
- петролатумдар мен парафиндер;
- ГМА (ГМО);
- силикондар;
- формальдегид түзетін заттар;
- SLS, SLES.

Сондай-ақ косметиканың жасалуы мен шығарылуы экологиялық таза және адам денсаулығына қауіпсіз болуы қажет. Оның қаптамасы мен ыдысы қайта өндірілген материалдан жасалады.

Әрине, өз өнімін табиғи косметика ретінде көрсететін өндірушілер де кездеседі. Сондықтан өнімінің сапасымен танылған брендтерге мән беріңіз. Мысалы, эко-брендтер тек табиғи компоненттерді қолданып, косметикасын жануарларға сынамайды.

Табиғи косметиканың артықшылығы:

- Құрамы түсінікті және қысқа жазылады;
- Теріге жұмсақ әсер ететін табиғи консерванттар қолданылады;
- Жануарларға сынақ жүргізуді қажет етпейді;
- Органикалық брендтердің саясаты экологияны қорғауға және кез келген затты саналы түрде тұтынуға негізделеді.

Табиғи косметиканың кемшілігі:

- Жарамдылық мерзімі аз;
- Кейде ыңғайсыз ыдыста шығарылады немесе қолданылуы қиынырақ болады. Мысалы: маска дайындау үшін құрғақ ұнтақты сұйықтықпен араластыру керек, дезодорантты жылы жерде сақтау керек, ал ерінге арналған бальзамды тоңазытқышта ұстау ұсынылады;
- Табиғи косметика теріге жұмсақ және баяу әсер етеді, сондықтан ол жылдам нәтижені ұнататын адамдардың көңілінен шықпауы мүмкін.

Табиғи косметиканы қалай таңдау керек?

Оны да кез келген құрал секілді тері типі мен ерекшеліктеріне қарай таңдау керек.

Табиғи косметика аллергия беруі мүмкін бе?

Егер қандай да бір компонентке аллергияңыз болса, ол табиғи косметиканың құрамына кірсе, әрине, аллергия пайда болады.

Эко-өмірге 5 қадам

А. Жапатова