- Негізгі бет
- Сымбат
- Отыздан асқан әйелдердің...
Отыздан асқан әйелдердің қағидалары
Журналист әрі психолог Анна Боголепованың бүгінгі заман әйелдеріне арнап жазған әзіл-шыны аралас ережелері. Пайдалы кеңестерді түртіп алыңыз. Бұл ақыл-кеңестің не құндылығы бар? Өзгенің қателігінен үйренудің бір амалы.
1. Торт пен алманың бірін таңдау керек болса, бір стақан суды таңда.
2. Егер сағат түнгі 12-де саған әлі бас жуып, тырнақ бояу керек болса – әрқашан ұйқыны таңда. Шашыңды түйе саласың, ал тырнағыңды жылтыр лакпен аялдамада да бояй салуға болады. Бірақ шаршаңқы түріңді және нашар көңіл күйді ештеңемен өзгерте алмайсың.
3. Сәті түскен сайын саяхатқа шығуға тырыс. Көзің көретін, көкірегің түйетін жаңа әлем – қартаймай тұрып тәжірибе жинаудың тамаша тәсілі.
4. Біреуді сынамас бұрын, бір нәрсеге пікір білдірмей тұрып «Маған қатысы қанша?» деп өзіңнен сұрап отыр. Сосын аузыңды жап та, өз ісіңді бітір.
5. Махаббат пен ақша табудың арасынан екіншісін таңда.
6. Сауық кеш қанша қызықты болса да, өз төсегіңде оянуға барыңды сал.
7. Ес-ақылы кем адамға күш-қуатың мен көңіл күйіңді тек бір жағдайда ғана арна, егер сен – дәрігер, ол саған сандырағын айтқаны үшін ақша төлейтін пациентің болса ғана.
8. Дауласқан кезде ақиқат анықталады деген бос сөз. Дауласқан кезде бастың сақинасы ұстайды. «Мейлің, дегенің болсын» деу уақытың мен жүйкеңді сақтайды.
9. Кей кезде бір күндік тыныштық пен жалғыздық спа-салоннан да артық көмектеседі.
10. Бірде бір еркеккіндік аяғыңа жайсыз туфли киіп, қиналғаныңа татымайды. Көңіл күйің болмаған кезде осы ақыл-кеңестерді ақтарып тұр. Жарқын жақта өмір сүретін боласың!
Аударған: Шынар Әбілдә
Ж. Жұмағұлов