- Негізгі бет
- Сымбат
- Меган Марклдың тері...
Меган Марклдың тері күтімі құпиясы
Меган Маркл – сән және сұлулық саласындағы иконаның бірі. Оның киіну стилі мен табиғи макияж жасауы нәзік жандылардың көбіне ұнайды. Әсіресе, оның жарқын, тегіс және мінсіз терісі – көпшілік үшін жұмбақ. Оның құпиясын герцогиня Сассекскаяның жақын досы әрі бет әрлеушісі Дэниэл Мартин айтты.
Дэниэл Мартиннің айтуынша, герцогиняның терісі табиғатынан жақсы, алайда оны «тірі» етіп көрсетудің әдісі бар. Дэниэл Grazia журналына базаны қалай жаққан дұрыс екенін айтып берді: «Ең дұрысы, макияжды қолмен жаққан жөн. Сол кезде мейкап ерекше жарқырай түседі, ал құралдармен (қылқалам немесе спонжбен) ондай нәтиже шықпайды».
Тері табиғи жарқырауы үшін Мартин ылғалдандырушы кремді консилермен аралстыруды ұсынады.
«Егер табиғилық әсерді күшейткіңіз келсе, консилердің өзін қолданбай, оған май немесе ылғалдандырушы крем қосыңыз. Бірақ міндетті түрде бәрін қолмен жасаңыз, сол кезде айырмашылық байқайсыз», - деді бет әрлеуші Дэниэл Мартин.
А. Жапатова