- Негізгі бет
- Сымбат
- Майсана майы бетті...
Майсана майы бетті ағартады
Бәрімізге белгілі майсана майы (касторовое масло) құрамындағы пайдалы қышқылдардың арқасында бүгінде өнеркәсіпте, медицина мен косметалогияда кеңінен пайдаланылады. Бұл майдың басқа майлардан басты айырмашылығы суықта қатпайды және ыстықта кеуіп кетпейді. Сонымен қатар тез бұзылмайды. Ал адам денсаулығына пайдасы жөнінде төмендегі жайттардан қанық боласыздар.
Майсана майының емдік шипасы
• Майсана майы тыныс жолдарының қабынуы мен суықтауға қарсы ем. Бұл үшін 1 ас қасық скипидар мен 2 ас қасық жылытылған майсана майын араластырады. Бұл дертке мынадай емді де қолдануға болады. Майсана майын жылытып, науқастың көкірегі мен арқасына уқалап жағады да, жылы киіндіріп немесе жылы көрпемен орайды. Емді 3-4 сағаттан соң қайта жалғастырады.
• Диеталогияда майсана майын арықтауда кәдеге жаратады. Себебі оның ішектердегі шлактарды тазалайтын және ағзадағы уытты заттарды шығаратын қасиеті бар.
• Майдың зиянды тұстары да бар. Мөлшерінен тыс көп қолдану жайсыз жағдайларға соқтырады. Оны тек дәрігердің кеңесімен ғана ішу керек. Себебі жүктілік, құрсақ қуысы, асқазан жарасы, тоқішек қабынуы, жатырдан қан кету, улану секілді дертке шалдыққандарға қодануға тыйым салынады.
• Жаз мезгілінде өкше күстенгенде аптасына 3 рет маймен өкшеңізді майлап, мақта шұлық киіңіз. Бұл күстен арылтады әрі ауырсынуды басады.
• Бет терісін ағарту үшін жылытылған майсана майымен бетті үнемі сүреді. 2 сағаттан соң майды сүртіп тастайды. Бұл ағартумен қоса әжімнің алдын алады.
• Майсана майы беттегі дақ, тыртық, мең, артық өскен без бен мүйізгектерді де кетіре алады. Ол үшін таңертең және кешке маймен сүртеді. Нәтижесін 1 айдан соң көруге болады.
• Іш қатқанда 1-2 шай қасық майды ішеді.
• Майсананың бактерияларды жоятын ерекшелігі болғандықтан жарақат, жара, күю, кесілген кезінде зақымдалған тері орнына жағады.
• Қасқабас дертіне де майдың берер пайдасы зор. Ол үшін бірдей мөлшерде май мен пияз сөлін араласырып, басқа жағады. Қоспа бас терісін ашытады, сол себепті қоспаға алоэ сөлін немесе ботқасын қосып, емді жалғастыруға болады. Қоспаны баста 30-40 минут ұстап, артынан салқын сумен жуып тастайды. Егер де қоспа бас терісін тітіркендіретін болса, оған қырмызы (календула) тұнбасын қосып жіберіңіз. Себебі ол теріні қабындырмайды әрі қызарудың алдын алады.
• Майсана майы шашқа беріктік қасиет береді, жылтыратады, нәрлендіреді және шаштың түсуін тежейді. Шаш ғана емес майсана майы бас терісін де емдейді. Ол үшін майды аздап қыздырып, шаш түбіне уқалап жағып, қалғанын шаштың ұшына жағу керек. Басқа целлофан қалта киіп, сыртынан орамал тағып 1 сағаттан соң сусабынмен жуып, емдік шөптердің тұнбасымен (лимон немесе сіркесу қосылған су да болады) шаю керек. Мұны аптасына 1 рет жасауды әдетке айналдырған жөн.
Н. Үсенова