- Негізгі бет
- Сымбат
- Маржан түсті далапты...
Маржан түсті далапты қалай қолданамыз?
Маржан түс (коралловый) — далаптың ең күрделі реңдерінің бірі. Негізінде мұндай түсті далапты кез келген бойжеткен қолдана алады, бастысы — жарасымды реңк таңдап, кей қарпайым ережелерді сақтау керек.
Маржан түсті далаптың ескеретін мынадай ерекшеліктері бар:
– Бұл реңк қызаруды, безеуді және басқа да терінің кемшіліктерін көзге ұрып тұрады. Сондықтан, маржан түсті далап алған кезде теріңіз мінсіз болуы керек немесе жақсы тональді құрал алу қажет;
– Бұл ашық түсті далапты жақсаңыз, түрлі түсті теньдерден және кірпікке арналған ерекше тушьтерден бас тартқан жөн; Себебі бар назар бірден далапқа түседі де, өзгелері артық болады.
– Маржан түсті далаптың кей реңктері тісті сарғыш етіп көрсетеді.
Маржан түсті далаптың бұл ерекшеліктерін өз пайдаңызға бейімдеуіңізге болады.
Табиғилық
Аса білінбейтін көз макияжымен, қарапайым шаш үлгісімен және табиғи күнге күйген терімен маржан түсті далап сәтті және тартымды көрінетін болады. Оны қолдана отырып, қарапайым кейіпті қызықты әрі ашық етіңіз. Маржан түсті далаптың көмегімен күндізгі макияжды кешкіге айналдырып, жұмыстан шыққан соң бірден кешкі кездесуге бара беруіңізге болады.
Мінсіз тері
Күрделі далап реңкімен ыңғайсыз көрінбес үшін тегіс тональді қаптама құтқарады. Бет терісін тональді құралмен тегістеп, көзіңізді қарындашпен сызып, сәбіз реңкті маржан далапты жақсаңыз, ұтымды макияж шығады.
Басты екпін
Актриса Эмма Уотсон «Ной» фильмінің тұсаукесерінде макияжында маржан түсті далапты қолданды. Мұндай түсті далап классикалық шаш үлгісімен және кірпікке арналған қара тушьпен керемет үйлесім тауып тұр. Бұл жерден маржан түсті далап қарапайым макияжға ерекше екпін беретінін байқаймыз.
Мөлдір реңктер
Жаз мезгіліне келетін реңктер — ашық және шабдалы түстес маржан далаптар. Мұндай түстер өте табиғи көрінеді. Маржан түсті далаптар жазда күнге күйсеңіз де жақсы жарасады.
А. Жапатова