Ерінді ылғалдандыруға арналған гигиеналық далап. Таңдау ережелері

Ерінді ылғалдандыруға арналған гигиеналық далап. Таңдау ережелері

Ерін бет терісінен кем емес күтімді қажет етеді. Ерінде май бездері болмайтындықтан, сыртқы зиянды факторлардан мүлде қорғансыз. Міне, осы орайда бізге гигеналық далаптар көмекке келеді.

Гигиеналық далаптың құрамында не болу керек?

Егер сіз ерінді ылғалдандыратын жақсы бір гигиеналық далап алмақ болсаңыз, оның құрамына назар аударыңыз. Мұндай далаптардың басты компоненті табиғи канделиллалық, балара немесе карнаубтық балауыздар болып табылады. Олардың барлығы ерінді жақсы қорғайды және ылғалдың сақталуын қамтамасыз етеді.

Өсімдік пен майлар сығындысы ерін далабын екі есе пайдалы етеді. Үлпілмәлік, өрік және жожоба майлары және де раушан және алоэ сығындысы ерінді қажетті ылғалмен қамтамасыз етеді. Соңғысы, сонымен қатар жұмсартатын және қалпына келтіретін қасиетке ие.

Ал далап құрамындағы Е және А дәрумендері ерінді ылғалдандырып, қоректендіріп және жарылуын тезірек емдеуге көмектеседі.

Ылғалдандыратын гигиеналық далапты жылдың тек жылы мезгілінде пайдалану керек. Қыста мұндай далапқа желге төзімді болмайды және еріннің жарылуына әкеп соғады.

Гигиеналық далапта не болмау керек?

Парафин, вазелин және минералды май – гигиеналық далаптарға аса қауіпті құрамдастар. Бұл мұнай өнімдерінің ағзада жиналу үрдісі бар, сондықтан ерте ме, кеш пе бұлар ішкі мүшелердің ауруына себеп болуы мүмкін. Көбіне бұлар бүйрек пен бауырға зақым келтіреді. Сонымен қатар мұнай өнімдері еріннің ұсақ тесіктерін бітейді.

Кейде құрамынан силикон майын табуға болады. Өндірушілер мұны далаптың жарамдылық мерзімін ұзарту үшін қосып жатады. Алайда бұл май далаптың пайдалы қасиеттерін бұғаушы болып әсер етеді: оның кесірінен жұқа қабықша пайда болып, пайдалы компоненттер сіңе алмайды.

Ылғалдандыратын гигиеналық далаптың құрамына салицилл қышқылы кірмеу керек. Оның қабынуға қарсы әсер ететіні белгілі, бірақ гигиеналық далаптың құрамында болуы маңызды емес. Бұл компонент теріні құрғатып жібереді.

Камфора мен жалбызды гигиеналық далаптың құрамына ерінге көлем беру үшін қосады. Алайда бұл компоненттердің кесірінен оның айналасындағы тері қатты құрғайды.

Гигиеналық далапты қалай таңдау керек?

Таңдау кезінде оның құрамына ғана емес, ескірмегеніне де назар аударыңыз. Ол үшін сатып аларда далапты соңына дейін бұрап шығарыңыз. Егер бетінде өте ұсақ су тамшылары көрінсе, сатып алмағаныңыз жөн. Бұл оның құрамындағы заттар ескіріп жатқандығының белгісі. Әдетте өндірушілер далаптың жарамдылығына үш жыл береді, алайда оны пайдалана бастаған соң жарамдылық мерзімі бар-жоғы үш-төрт айды құрайды.

Қазір нарықта сарғыш, көк, күлгін және жасыл гигиеналық далаптар пайда болып жатыр. Олар ерекше көрінгенімен, дерматологтар мұндай ашық реңкті далаптарды алмаған жөн дейді. Түрлі-түсті далаптар бояғыш заттардан тұратындықтан, бұл аллергия тудыруы мүмкін. Мінсіз гигиеналық далап түссіз болуы тиіс.

Гигиеналық далапты тым жиі пайдаланудың қажеті жоқ. Бұдан ол қатты әсер ете қоймайды. Бір күнде екі-үш рет жақса, жеткілікті.

Заманауи гигиеналық далаптарға құлпынай, ваниль, алма және тағы басқа түрлі хош иістерді қосады. Бірақ мұндай жеміс иістеріне олар түрлі хош иістендіргіштердің арқасында жетеді. Иіс көпке шыдамайтындықтан, ерінді артық химикатпен улаудың қажеті қанша?

Сурет: wday.ru, namazuka.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina