- Негізгі бет
- Сымбат
- Қызыл ерін далабын...
Қызыл ерін далабын таңдау
Қызыл ерін далабы баяғыда мәңгі классикаға айналып үлгерді. Ол бьюти-индустрияның бастапқы орнынан әзір кетпейді. Алқызыл (алый) түсті ерін далабы кез келген қызға жарасады. Қызыл ерін далабы түрге әдемілік, ақсүйектік және тартымдылық сыйлайды. Алайда, «өзіңіздің» қызыл далабыңызды қалай дұрыс таңдау керек?
Қазіргі кезде косметикалық нарықта қызыл далаптың түрлі реңкін кездестіруге болады. Оның шарап, алхоры, қанық қызыл, кірпіш және басқа да түрлері бар. Ерін далабын таңдар алдында тері түсінің түріне мән беру керек. Содан соң, сізге дәлге келетін қызыл ерін далабын алу үшін шаш түсіне де мән беру қажет.
Терінің жылы түсті түрі. Егер теріңіз жылы реңкті (сары немесе алтын өңді тері) болса, қызыл түстің де жылы реңктеріне мән беріңіз. Оларға қып-қызыл (коралловый), қызғылт-сары (каштановый), сәбіз немесе кірпіш реңктер жатады.
Терінің суық түсті түрі. Егер теріңіз зәйтүн өңді болса, қызылкүрең, фуксия, шарап, қараөрік, таңқурай немесе қанық қызыл реңктерді таңдаңыз.
Қара шаш. Қара шашты әйелдерге қою қызыл, шарап және шие реңкті ерін далабы көбірек жарасады. Шашыңыз қою түсті болса, қызыл далаптың қанық түрлерін таңдаған жөн.
Қызғылт-сары шаш (рыжий). Егер шашыңыз қызғылт-сары болса, қызыл далаптың жидекті реңктеріне мән беріңіз. Мысалы: таңқурай немесе қараөрік.
Сары шаш. Егер шашыңыз ашық түсті болса, қызыл далаптың кез келген түсін таңдай аласыз.
А. Жапатова