- Негізгі бет
- Сымбат
- Қол күтіміне арналған...
Қол күтіміне арналған қоспа
Кез келген қыз баланың қолы күтімді қажет етеді. Қыстың қаһарлы күндерінен кейін қолымызға арнайы күтім жасауымыз керек. Сондықтан қол терісін жұмсартатын қоспа жасап үйренейік:
Ол үшін бізге керек ингредиенттер:
1 жұмыртқаның сарысы
1 ас қасық бал
1 ас қасық өсімдік майы
1 литр жылы су
2 ас қасық тұз
1 литр жылы суда 2 ас қасық тұзды ерітіңіз. Оған қолыңызды 10 минуттай салып отырыңыз. Содан соң қолды жумай, тек сүртіңіз. Жұмыртқаның сарысы, бал мен майды араластырып, қоспа дайындаңыз. Оны қолға жағып, 20 минуттан кейін жуып тастаңыз.
Бұл қоспаны пайдаланғаннан кейін қолыңыз жұмсақ әрі нәзік болады.
Сурет: oriliveclub.ru
Оқи отырыңыз:
Тырнақты қатайтатын маска түрлері
Тырнақ күтімі неліктен маңызды?
Табиғи косметика: шаштың түсуін емдейтін маскалар
Ф. Абилова