- Негізгі бет
- Сымбат
- Кекіл қою (Видео)...
Кекіл қою (Видео)
Көктем келе жатыр! Көктемде өзгеріп, кекіл қойып, өзімізге жаңа шаш үлгісін жасайық. Шаштаразға бармай-ақ, өз қолымыздан кекіл қия аламыз. Ол үшін бізге:
- қайшы (шаштараз қолданатын кәсіби қайшыны қолдансаңыз, тіптен керемет);
- ағаш тарақ керек.
Кекілді қияр алдында біреулер сулау керек десе, екінші топ суламау керек дейді. Мына видеода блогшы бізге бір жағына қайырылған кекілді өз қолымызбен қалай дұрыс қою керектігін көрсетеді. Ол шашын жан-жағынан тең бөліп, бұрап, бұралған жағынан кекілін қиған. Бірге үйренейік.
Сурет: blog.flauntme.com
Оқи отырыңыз:
Мектеп оқушысына арналған сәнді шаш үлгілері
Күнделікті шаш үлгісі: мамандар кеңесі
2013 жылдың сәнді кекіл үлгілері
Р. Роза