- Негізгі бет
- Сымбат
- Кәріс әйелдері үйден...
Кәріс әйелдері үйден шығарда қолданатын 5 құрал
Кәріс әйелдері тері күтіміне ерекше мән береді, олар тек күндізгі және кешкі крем жағумен шектеліп қоймайды. Олардың сөмкесінде күні бойына қолданатын 5 косметикалық құрал жүреді.
1. Мицеллярлық су
Кореяда теріні жиі тазарту керек деп санайды. Сондықтан, кәріс әйелдері күніне бірнеше рет бет терісін миццелярлық сумен тазартып, жуады. Олар боялған көздері мен қастарына тиіспей, тек бет терісін ғана сүртеді.
Теріні тазартып болған соң, оны ылғалдандыру керек. Бұл жерде де сол қағида орындалады: кәріс әйелдерінің ойынша, ең күшті крем күші де 2 сағаттан кейін жоғалады. Сондықтан, тазартудан соң теріге крем жағып, ол толықтай сіңуі үшін саусақ ұштарымен ұрады. Бұл кезде тері ылғалданып қана қоймай, массаж да алады.
3. Күннен қорғайтын крем
Кәріс әйелдері ылғалдандырушы кремнің сыртынан міндетті түрде, 50 SPF-тен кем емес күннен қорғайтын крем жағады. Сонымен қатар, олар мұндай кремді далада күн ыстықта да және күн жоқ кезде де жағып шығады. Олар күнге күйгісі келмейді деген сөз емес, күн ерте қартаюға себепші басты фактор болып саналады.
4. ВВ-крем
Тері күтімінен соң, олар бет реңін тегістеу үшін ВВ-крем жағады.
5. Қолға арналған крем
Кәріс әйелдері міндетті түрде, қолдарына құнарландырушы немесе ылғалдандырушы крем жағып шығады.
А. Жапатова