- Негізгі бет
- Сымбат
- Жұлдыз белгісіне қарап...
Жұлдыз белгісіне қарап арықтау #4
Біздің сайтымыздан жұлдыз-жорамалға қарап мінезді анықтау, қыз бен жігіттің жарастығы жайында жазылған материалдармен таныс боларсыздар. Енді жұлдыз белгісіне байланысты арықтау туралы жазамыз.
Жалғасы (Шаян, арыстан, бикеш; Таразы, сарышаян, мерген)
Тауешкі жұлдызында туғандар диетасы
Тауешкілерге сұлу сымбатын сақтап тұру үшін теңіз бен күн көзі көмектеседі. Құрамында кальций, темір, фосфор көп азықтармен, көмірсуы аз, ақуызы көп тағамдармен қоректенгені жөн. Физикалық дене жаттығуларымен тұрақты түрде айналысуы қажет. Бассейнде жүзу, кешкілік серуендеу секілді өзіңізге көтеріңкі көңіл сыйлайтын әрекеттерді таңдағайсыз.
Суқұйғышқа арналған диета
Суқұйғыштарға да Таразылар секілді тәттіден тежелуге тура келеді. Оның орнына балық, құс еті, жеміс-жидек, көкөністер пайдаланғаны дұрыс. Қарақұмық, алма, майсыз ет деген секілді құрамында темірі көп азықтармен бірге анар, қауын, айба тәрізді жемістерді тамақтану тәртібіне қосса, құба-құп. Денесін қалыпты ұстауы үшін велоспорт жақсы көмектеседі.
Балықтарға сәйкес диета
Балықтарға мүсінін сақтау үшін тұзсыз диета сәйкес келеді. Құрамында йод, калий заттары көп теңіз өнмдерін, теңіз орамжапырағын күнделікті қолданған абзал. Етті балыққа алмастырсын. Біраз салмақ тастау үшін өзінің жұлдыз белгісі бойынша жүзумен айналысуға болады.
@. @assel_assanova