- Негізгі бет
- Сымбат
- Иіссу сырлары...
Иіссу сырлары
Иіссуды қалай таңдап, қалай жағу керектігін жазған болатынбыз. Енді иіссу жайлы басқа да сұрақтарға жауап іздейік.
Әтірдің иісі ұзаққа сақталу үшін не істеу керек?
Әтір не иіссудің иісі денеңізде ұзағырақ сақталсын десеңіз, сондай маркалы денеге арналған лосьон не крем алып қойыңыз. Ұнатқан иісіңіз ұзаққа сақталып, тым қатты да болмайды.
Иіссуді денеге себу керек пе, киімге ме?
Иіссуды теріге жаққан дұрысырақ. Денеңізде жылыған иіссу тек сізге тән иіске айналады.
Неліктен бір иіссу түрлі адамдардан түрліше шығады?
Теріге жағылған әтір сізбен әсерлесіп, басқаша аңқи бастайды. Иістің қандай болатындығына теріңіздің түрі, ағзаңыздағы ерекшеліктер әсер етеді. Сол себепті дүкенде өзіңізге жаңа иіссу таңдағанда, ұнаған түрін теріңізге жағып көріңіз.
Иіссуды қалай таңдаған дұрыс?
Парфюмериялық дүкенге адам аз уақытта барыңыз, осылайша бөтен иістерден құтыласыз. Түрлі иістерді иіскегенде арасында кофені иіскеген дұрыс (парфюмериялық дүкендерде кофе салынған құтылар болады).
Иіссуды артық жағып қойса, не істеу керек?
Артық жағылған иіссудың иісін бәсеңдету үшін иіссу тамызған жерлерге денеге арналған лосьон жағыңыз немесе сол жерлерді ыстық сумен ысқылап жіберіңіз.
Иіссудің сақталу мерзімі қандай?
Уақыт өте спирт пен әтірдегі органикалық қосылыстар буланып кетеді, бұдан әтір өз иісін өзгертуі мүмкін. Иіссулардың орташа сақталу мерзімі 3-6 ай. Егер сіз бұл уақытта иіссуды құртып үлгермесеңіз, әтірді қараңғы, құрғақ жерде сақтаңыз.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: mimiton.ru
С. А