Әлем бойынша адамдардың көпшілігі түрлі әдісті қолданып, артық салмақпен күресуде. Диетаның түрі көп болса да, олар әр адамға түрліше әсер береді. Бұл сұраққа алғаш рет натуропат (шөптермен емдейтін дәрігер) Джеймс Адамо қызығушылық тудырды. Ол вегетариандық (етсіз) диетаны зерттей келе оның кей адамдарға жақпайтындығын көрген.
Сол кезде ол әр адамға жеке диета құруға арналған тұрақты фактор болуы керек деп болжады. Сондай факторға ол қанды жатқызды. Оны тәжірибеде көру үшін Джеймс Адамо қан топтары әртүрлі адамдар түрлі азық-түлікке қалай әсер беретіндігін зерттей бастаған. Зерттеуді жалғастырған оның ұлы Питер Адамо төрт түрлі қан тобына арналған тамақтану жүйесін ойлап тапқан. Қан тобы әртүрлі адамдардың ас қорыту жүйесі «кей азық-түлікке» түрліше әсер еткен.
Көп таралғандығы бойынша II қан тобы екінші орынды алады. Кей ғалымдардың ойынша II қан тобы адамдар аздап жер шаруашылығымен айналыса бастаған кезде пайда болған. Яғни, аң шаруашылығы тамақтанудың негізгі жолы болудан қалды. Сәйкесінше, тамақ түрі де өзгерді. Еттің орнына дәнді дақылдар, көкөністер мен жемістер келді. Эксперттер II қан тобы өкілі адамдарына тамақтану үлесінде еттің көлемі аз болғаны жөн деп санайды. Сонымен қатар сүтті тағамдарды да шектеу қажет. Оның орнын соялық тағамдармен алмастыруға болады. Тағамды өсімдік майларымен (зәйтүн, зығыр) араластырып, жүгері және жержаңғақ майларын қолданбаған жөн. Балыққа тиым салынбайды, бірақ майшабақ, камбала немесе басқа да тұзы көп балықтарды аз мөлшерде жеу керек.
II қан тобы адамдарының ас қорыту жүйесі нәзіктеу болып келеді. Сондықтан олар диета, жалпы тамақтану кезінде ащы тұздық, кетчуп, қышадан бас тарту керек. Оларда жиі қыжыл пайда болады, сондықтан ас үлесінен қышқыл жемістерді (мандарин, апельсин, жасыл алма, шие) алып тастау керек. Сұйықтықтардан қою емес кофе, көк шай, сәбіз сусыны секілді қышқыл емес сусындар ағзаға жағымды әсер етеді. Газды сусындардан бас тартыңыз.
Осы уақытқа дейін II қан тобы адамдарына дайындалған диета жақсы нәтиже беріп келуде. Басты ережесі диета кезінде еттен бас тарту. Диета аяқталған соң аз-аздап ет мөлшерін қайтадан тамақтану үлесіңізге қоссаңыз болады. Етке соялық азық-түліктер керемет балама бола алады. Көкөніс, жеміс, жарма, бұршақты тағамдарды қанша мөлшерде болса да жеуге болады.
Жалғасы бар...