Диета: I қан тобы бойынша тамақтану

Диета: I қан тобы бойынша тамақтану
Фото: WomanJour.ru

Әлем бойынша адамдардың көпшілігі түрлі әдісті қолданып, артық салмақпен күресуде. Диетаның түрі көп болса да, олар әр адамға түрліше әсер береді. Бұл сұраққа алғаш рет натуропат (шөптермен емдейтін дәрігер) Джеймс Адамо қызығушылық тудырды.

Ол вегетариандық (етсіз) диетаны зерттей келе оның кей адамдарға жақпайтындығын көрген. Сол кезде ол әр адамға жеке диета құруға арналған тұрақты фактор болуы керек деп болжады. Сондай факторға ол қанды жатқызды. Оны тәжірибеде көру үшін Джеймс Адамо қан топтары әртүрлі адамдар түрлі азық-түлікке қалай әсер беретіндігін зерттей бастаған. Зерттеуді жалғастырған оның ұлы Питер Адамо төрт түрлі қан тобына арналған тамақтану жүйесін ойлап тапқан. Қан тобы әртүрлі адамдардың ас қорыту жүйесі  «кей азық-түлікке» түрліше әсер еткен.

Өзіңіздің қан тобыңыздың ерекшелігі мен  жеке талғамыңызға қарай күнделікті тағам үлесін құрып алуға болады. Бастысы жаңа тамақтану жүйесіне бірден көшпеген жөн. Өзіңіздің ас қорыту жүйеңізді қинамаңыз. Егер қандай да бір өнім сіздің қан тобыңызға сәйкес келеді деп оқып алсаңыз да, ол тағам сізге ұнамаса, ағзаны қинаудың қажеті жоқ. Әр қан тобына азық-түліктің көптеген түрлері ұсынылған. Сол өнімдерді араластырып, дәмді тағам дайындап жесеңіз болады.

I қан  тобына арналған диета.

Джеймс Адамоның зерттеуінше, I қан тобы ең ежелгі топ болып саналады. Бұл қан тобы ежелгі адамдардың барлығында дерлік болған. Ол қазір ең көп тараған қан тобына жатады. Өзіміз білетіндей ежелгі адамдар аңшылықпен айналысып, негізгі тамақтары ет болған. I қан  тобына жататын адамдардың да тамақтану үлесінде міндетті түрде ет (және балық) болғаны дұрыс. Пайдалы тағамға түрлі көкөністер мен жемістерді (қышқыл емес) және қарабидай нанын жатқызуға болады. Тағамды йодталған тұзбен тұздаған жөн. Қарақұмық жармасынан басқа жармалардың барлық түрін тамақтану үлесіңізден алып тастаңыз. Ащы тұздықтардан, қырыққабаттан және картоптан бас тартыңыз. Құрамында көмірсулары жоғары тәттінің барлық түрін қолданбауға тырысу керек. Олар ас қорыту жүйесін баяулатады. Сусынды да мұқият таңдау керек. Қою қара шай мен кофені аз ішіп, оны көк шай, итмұрын, занзабіл, жалбыздан дайындалған шайлармен ауыстырыңыз.  

Жалғасы бар...

А. Жапатова