- Негізгі бет
- Сымбат
- "Білезігі" бар маникюр...
"Білезігі" бар маникюр
Фото:
cosmo.ru
Тырнақтағы білезік — құлаққа ыңғайсыз естілгенімен, бұл маникюр жасаудағы жаңа трендтің атауы. Нейл-дизайнның жаңа түрі өте кішкентай білезікке ұқсайды. Ол сәнді әрі нәзік көрінеді.
Бұл тренд бізге шығыстан келген, оның авторы — Ян Кунг Парк есімді шебер. Кореялық нейл-дизайнері көптеген бойжеткен тағатын жіңішке әшекей "достық білезіктерінен" шабыт алады. Бұл маникюрден соң тырнағыңыз жіптермен және страздармен безендірілгендей көрінеді.
"Білезік" түріндегі сурет барлық латың үстінде жақсы көрінеді, алайда мұндай суретті ашық түсті немесе тіптен мөлдір қабаттың үстіне салған жөн. Білезігі бар маникюр жасауға бірнеше идея ұсынамыз.
Сізге қайсысы ұнады?
А. Жапатова