Бетіңіз мінсіз болсын десеңіз...

Бетіңіз мінсіз болсын десеңіз...
Фото: liveinternet.ru

Бетіңіз мінсіз, таза болуы үшін арнайы күтім жасау керек. Сондықтан осыған қатысты кеңестерімізді ұсынамыз.

1. Газдалмаған минералды сумен жуу

Егер теріңіз майлы болса, құрамында тұзы көп суды таңдаңыз. Ал құрғақ теріге минералы азырақ су қолдану керек.

2. Жуынғаннан кейін мұзбен сүрту

Минералды суды мұзға арналған пішіндерге құйып, қатырыңыз. Күнде таңертең бетіңізді сүртіп тұрыңыз. Минералды мұз әжімдерге де қарсы қолданылады. Егер бетіңізде безеу, бөртулер бар болса түймедақ қайнатпасын жоғарыда аталған әдіспен қатырып, пайдаланыңыз.

Түймедақ қайнатпасы

Бізге:

- 3 ас қасық дәрілік түймедақ;
- 300 мл минералды су керек болады.

Дайындау жолы:

Кішігірім кәстрөлге минералды су құйып, түймедақты қосыңыз. Отқа қойып, қайнатыңыз. Қайнатпаны суытыңыз.

3. Тоник

Иісмай жағудың алдында бетіңізді ылғалдандырушы тоникпен тазалаңыз. Тоникті дымқыл майлыққа құйып, бетіңізді сулап, сүртіңіз.

Көк шай мен жалбыз тонигі

Бізге:

- 50 гр көк шай;
- 50 гр жалбыз;
- 100 гр су;
- 1 шай қасық лимон шырыны;
- 20 мл арақ/спирт керек болады.

Дайындау жолы:

Көк шай мен жалбызға қайнаған су құйып, тұндырыңыз. Суыған соң сүзіп алыңыз. Тұнбаға лимон шырыны мен арақ/спиртті қосыңыз.

Тоникті тек тоңазытқышта 2 аптадан артық уақыт сақтауға болмайды.

4. Көздің ісінуі

Қара шай пакеттерін қайнатып, 5-10 минутқа көзге қойыңыз.

5. Иісмай жағу

Макияж жасаудың алдында міндетті түрде тоникпен бетті тазартып, иісмай жағу керек.

Ұқсас жазбалар:

Тырнақ күтіміне арналған маска

Жастық пен сұлулық құпиясы

Ф. Абилова