Жастық пен сұлулық құпиясы

Жастық пен сұлулық құпиясы

Глицерин мен Е дәруменін бет күтімі ретінде күн сайын қолданған жөн. Е дәрумені теріні емдеп, қартаюының алдын алатын ең үздік антиоксидант болып саналады. Ол жасушалардағы қышқылдандыратын үдерістерді баяулатып, нәрлендіріп, ультракүлгін сәулелерінен қорғайды. Көптеген косметика жасауда Е дәрумені негізгі ингредиент ретінде қолданылады.

Оның мынадай қасиеттері бар:

- регенерацияны тездетеді;

- қартаюды бәсеңдетеді;

- эстрогеннің бөлінуіне септігін тигізеді;

- су балансын қалыпта ұстайды;

- ісінуді басады;

- бөртуді емдейді;

- секпіл, дақтар, терінің керілуі мен тыртықтарды кетіреді;

- А дәруменін сіңіруге көмектеседі.

Е дәруменін ішуге болады. Ол кез келген дәріханаларда капсула түрінде сатылады. Тәулік нормасы 15 мг-ға тең. Глицерин мен Е дәруменін бетке жағуға болады. Ол үшін екеуін бірдей көлемде араластырып, ұйықтар алдында жағып жату керек. Қоспа тез сіңіп кетеді. Кішігірім әжімдер жазылып, тері жұмсарады.

Бетіңізде безеу, бөртулер көп болса, глицеринді лосьон ретінде пайдалануға болады.

Кез келген типке арналған маска:

Глицерин мен балды бірдей көлемде алып, араластырыңыз. Маска қою болып шығуы керек. Қоюлату үшін сұлы ұнын қосуға болады. Теріңіз құрғақ болса, қоспаға бірнеше тамшы эфир майын қосу керек. Ал теріңіз майлы болса, глицерин, сұлы ұны мен қияр шырынын араластырып, маска дайындаңыз. Сезімтал тері үшін глицерин, саруыз бен цитрустың басқа да майларын қосып, маска жасауға болады.

Сурет: moyamaska.ru

Ұқсас жазба:

Үй жағдайында дайындалған лосьон

Ф. Абилова