- Негізгі бет
- Сымбат
- Бетке арналған Дарсонваль...
Бетке арналған Дарсонваль
Тез ауыспалы қуатты токпен емдеу әдісі (дарсонвализация) кеңес уақытында танымал болды. Бұл әдісті қазіргі сән салондары мен косметологиялық емдеу мекемелерінен де көруге болады. Сонымен, бүгінгі материалда Дарсонваль дегеніміз не және оны қалай қолдану керегімен танысасыз.
Құрылғы француз физигі Арсен Д’Арсонваль атымен аталған. Ол бұл құрылғыны XIX ғасырдың соңында ойлап тапқан. Кеңес уақытында бетке және денеге арналған Дарсонваль әрбір физиотерапия бөлмесінде болған. Құрылғы импульстік тоқтың көмегімен теріге және шырышты қабыққа әсерін тигізеді.
Дарсонваль мына жағдайларға тиімді саналады:
- Бет тазалау;
- Шашты өсіру және қайызғақтан арылу;
- Тамырлардың варикозды кеңеюін емдеу;
- Әжімді азайту;
- Жараларды жазу;
- Бас ауруы, ринит (мұрынның шырышты қабығының суық тиіп ауыруы) және т.б. ауруларды емдеу.
Бетке арналған Дарсонвальді қалай қолданамыз?
Бұл әдіс салонда немесе медициналық орталықта әйнек электродтар көмегімен орындалады. Қолдануға ыңғайлы болу үшін олар әртүрлі пішінді болып келеді. Дарсонвализация кезінде аз ғана шаншуды сезінесіз. Маман әр жерге әртүрлі кернеу күшін таңдайды. Процедура 3 минуттан 20 минутқа дейін созылуы мүмкін.
Егер портативті құрылғыны үйде қолданатын болсаңыз, жұмыс істеу принципі жоғарыдағыдай болады. Жинақтан бірнеше электрод-қондырмалар көресіз. Бетке саңырауқұлақ тәріздес қондырма келеді. Бетіңізді Дарсонваль көмегімен 10-15 минут массаж жасай отырып уқалаңыз. Процедурадан соң ылғалдандырушы крем жағыңыз. Өндірушілердің айтуынша, құрылғы (тоқ ісікті кетіретіндіктен) безеуден құтылуға және (импульстер жазушалардың жылдам жаңаруына ықпал тигізетіндіктен) әжімді азайтуға көмектеседі. Бет терісінің жағдайын жақсарту үшін үй жағдайындағы дарсонвализацияны аптасына 2 рет жасау қажет.
Үй жағдайында Дарсонвальді қолдану тиімді ме?
Құрылғының тиімділігін дәлелдейтін ресми айғақ жоқ. Әлеуметтік желілерде үй жағдайында бетке және денеге арналған Дарсонвальді қолдану туралы оң және теріс пікірлер көптеп кездеседі. Басқа процедуралармен салыстырғанда дарсонвализацияны салонда жасаған дұрыс болар. Алайда үй жағдайында қолдануға болатын Дарсонвальді сатып аламын деп шешсеңіз, жасанды түріне тап болудан сақ болыңыз. Құрылғының сертификатын тексеріңіз. Үйден процедураны бастамас бұрын, физиотерапевпен ақылдасып, кеңес алыңыз.
А. Жапатова