- Негізгі бет
- Сымбат
- Бет терісін бүлдіріп...
Бет терісін бүлдіріп алмаңыз
Бет терісінің тазалығы қыздар үшін әрқашан маңызды. Дегенмен артық қыламын деп тыртық қылатын жағдайлар аз емес. Халық арасынан естіген ду-ду әңгімені керемет кеңес ретінде қабылдап, тексерістен өткізбестен қолданатындар бет терісін бүлдіріп алады.
Ас содасының үгінділері бетке рналған скрабты еске түсіреді. Осыдан соң халық арасында ас содасы беттегі қара дақтарды кетіреді деген аңыз пайда болған. Бірақ бұл «beauty-рәсіміңіз» «beauty-апатқа» айналып жүрмесін. Неге дейсіз ғой. Химия сабағын есімізге түсірейік. Сіздің теріңіздің рH ортасы 4,5 пен 5,5 аралығын құрайды, ал, ас содасының рH ортасы 9-ға тең. Бұл байланыс әсерінен беттің эпидермалды қабаты бұзылып, нәтижесінде бетіңіз өте құрғақ болып алады. Ерте қартаю процессі құрғақ теріде жүретінін естен шығармаңыз.
Лимонның рН ортасы 2-ге тең. Яғни нағыз қышқыл. Теріңізге тиген лимон сұйықтығы бетіңіздің қорғаныш қабатын жойып, тыртық іздер қалдыруы әбден мүмкін. Аллергия немесе денеңіздің тіртіркенуі секілді ауруды туғызғыңыз келмесе лимонды пайдалы дүние ретінде қолданғаныңыз абзал.
Тіс пастасы:
Жасөспірім шақта беттегі дақтардан құтылу үшін неше түрлі тәжірибені жасап көретініміз анық. Осылайша, бет терісінің қартаю үдерісін қаншалықты тездеткенімізді білмей қаламыз. Тіс пастасы лимон немесе ас содасы секілді таза химиялық зат емес. Оның құрамы түрлі өзгеріске енеді. Егер дақтардан арылғыңыз келсе, оларға тиіспеңіз!
Сутекі асқын тотығы:
Антисептик ретінде сутегі асқын тотығы – таптырмайтын құрал. Аздаған күйіктерде қолданылып, жара аузындағы бактерияларды өлтіретіні сөзсіз. Бірақ қолдан дайындайтын бетке арналған маскаңызға сутегі асқын тотығын қолдану жақсы ой емес. Өйткені оны күнделікті қолдану тері күйігіне әкеліп соғады.
Қант:
Қантты ерінге арналған скраб ретінде қолдану дұрыс. Дегенмен қатқан соң қатты кристалдарға айналатын қантты бет терісіне қолдану ауру туғызуы әбден мүмкін. Бетіңізде ісіну мен қызару белгілері байқалса, бұл масканы қолдануды доғарғаныңыз абзал. Өйткені бетіңізде тыртық қалуы ғажап емес.
Т. Есқали