Аналарымыз бен әжелеріміз: «Сұлуынан жылуы» – десе, жас қыздар, керісінше «Жылуынан сұлуы» – деп, қақаған аязда да жалаңбас жүреді. Оның жалғыз себебі – үйден жасанып шыққан әдемі шаш үлгісін бұзбау. Ал шашты да бүлдірмей, суық та тигізбей күтіну тәсілін білесіз бе?
Шаш үлгісін бұзып алмау үшін көптеген арулар далаға шығарда шашына лак, көпіршік, мусс не гель жағады. Ондағы ойы – шаш қалпын сақтау. Ал, шын мәнінде, мұндай құралдардан еш пайда жоқ. Керісінше зияны көп, яғни шаштың формасы осылардың кесірінен одан ары бұзылады.
Табиғи әрі берік шашформасын жақсы сақтайды. Ал әбден құрғап, ешқандай күтім көрмеген шаш көп қиындық тудырады. Сондықтан шашқа әрдайым күтім жасап жүрген жөн.
Кәсіби стилистер кеңесі:
1. Ұзын кекіл. Бас киім кигеннен кейін кекіліңіз көлемін жоғалтып, «жатып» қала ма? Ендеше кекіліңізді көтеріп, артқа қарай тарап тұрып бас киім киіңіз. Ал оны шешкен уақытта кекілді алдыға тарай қайта аласыз. Сонда ол көлемін жоғалтпай, қайта орнына келеді.
2. Ұзын шаш баскиім кигенде майланып кеткендей басқа жабысып тұра ма? Ендеше, баскиім таңдағанда қысып тұратын бас киім емес, кең көлемдісіне басымдық беріңіз. Мысалы, баста еркін тұратын кеңдеу берет таңдауға болады. Бастысы шаш таза және баскиім қысып тұрмайтын болса, онда шаш өз көлемін сақтап қалады. Сонымен қатар шашты бүлдіріп алмау үшін төбеге жинап, бостау етіп түйіңіз. Бас киімді шешкенде шашыңызды жіберсеңіз, көлемін сақтап қалады.
3. Бастысы баскиімді дұрыс таңдау. Тар, ауа өткізбейтін баскиімнен бас терлеп, шаш майланып, кірлеп кеткендей көрінеді. Қысып тұрған баскиім шаш көлемін жоғалтады.
4. Баскиімді шешкеннен кейін қысқа шашты өз қалпына келтіру оңай. Ол үшін сөмкеңізде шаш сәндеуге қажетті құралдарды ала жүріңіз. Баскиімді шешкеннен кейін шаштың ұшына аздап жағып, саусақпен шаштың түбінен көтеріп, өз шаш үлгіңізді жасап алуға болады.
5. Шаш үлгісін бұзып алмау үшін шашты түрлі тәсілмен өріп алған дұрыс. Өрілген шаш баскиімнен еш «қиындық» көрмейді. Өз қалпын сақтап қалады.
Дереккөз: anabol.kz