Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Сән / Қысқы бас киімді қалай таңдаймын?

Қысқы бас киімді қалай таңдаймын?

Қысқы бас киімді қалай таңдаймын?

Қаһарлы қыс ортасынан асып қалды. Ал кейбіріміз әлі бас киімсіз жүрміз. Қыста бас киімсіз жүрсең не болатыны туралы жазып өткенбіз. Түрлі аурудың алдын алып қана қоймай, бас киіммен де сәнді көрінуге әбден болады. 

Дегенмен, ерлер үшін де, әйелдер үшін де қысқы бас киім таңдау кәдімгідей қиындық туғызады. Әсіресе, әйелдер қауымы бас киім таңдауда ұзақ ойланады. Сатушылар кеңесіне жүгінуге тағы болмайды. Олардың ойы белгілі. 

Қысқы бас киімді қалай таңдау керек?

Әйелдер үшін


Бас киімнің пішіні мүсініңіз бен бетіңізге сай келуі керек. Бойдың ұзындығына байланысты кеңес берер болсақ, ұзын бойлы арулар көлемді бас киім таңдаса, салтанатты көрінеді, ал бойы қысқа ханшайымдарға керісінше шағын бас киім жақсы жарасады. 

Бас киімді дене-бітіміңіз толық көрінетін үлкен айнаға қарап киіп көрген жөн. Егер сіз кірген дүкенде мұндай айна жоқ болса, таңдау жасауға асықпаңыз. 

Қыста бас киім ең алдымен денеге жылу беру үшін киіледі. Осыны есте сақтау керек. "Сұлуынан жылуы" деген сөз бекер айтылмаған. Бас киімнен ақшаңызды аямай, мүмкіндігінше аң терісінен тігілген жылы бас киім алғаныңыз жөн. 

Тоқыма бас киім ертеректе спорт үлгісінде ғана қолданылған болатын. Қазір кез келген бейнеге сай келетін түрлері де бар. 

Сондай-ақ малақайды пішінін көп жыл бойы сақтап қалған бірден-бір бас киім деп айтуға болады. Сәннен ешқашан қалмаған малақайдың жылы, сәнді түрлері өте көп. 

Романтикалық образға енгіңіз келсе, өзіңізге жарасатын берет таңдаңыз. 

Ерлер үшін

Ер адамдар бас киімнің жылулығына баса мән береді. Онысы жөн-ақ. Бас киім таңдағанда басты қысып тұратыны мен кең тұратынынан аулақ болыңыз. Бас киіммен бірге шарфын да сатып алған жөн. Бас киімнің түсі үстіңіздегі киіммен ғана емес, аяқ киіммен де сәйкес келіп тұруы керек.

Қыста аң терісінен жасалған құлақшын таңдауыңызға болады. Құлақшын кез келген киіммен сәйкес келе береді. Күртеше, дубленка, пальтомен құлақшын киюге болады. Бірақ тым үлкен құлақшыннан аулақ болыңыз, басыңыз аюдың басына ұқсап қалуы мүмкін. 

Дәстүрге сай, ерлерге арналған бас киімнің түсі әдетте қоңыр, сұр, қара болып жатады. Осы үш түстің бірін таңдасаңыз, ұтылмайсыз. Көк, қою жасыл түсті бас киімдерді де таңдауыңызға болады. 

Аң терісінен жасалған, тоқыма бас киімдерден бөлек, кепка ер адамға дәл келеді. Костюм-шалбармен жүретін жұмысбасты ер адам кепка таңдаса жақсы жарасады. 

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Басты сурет көрнекілік үшін қойылған, суретте: әнші Мәдина Сәдуақасова

Қалған суреттер: sweatego.ru, mail.ru

Қосылған күні: 23 қаңтар 2014, 16:54
Пікірлер
+0
23 қаңтар 2014, 16:48

Мадинаныкы әдемі екен

+0
23 қаңтар 2014, 17:26

Иәә, Мәдәнің бұл суреті көз сүйсіндіреді!

+0
28 қаңтар 2014, 21:09

Мадина әдемі, бірақ басының формасы сәл сопақтау болғанда тіпті керемет болатын еді. ;)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.