- Негізгі бет
- Сымбат
- Аяқты жаз мезгіліне...
Аяқты жаз мезгіліне дайындайық
Жаздық сәнді босоножкаларды кимес бұрын аяқ терісін дайындап алған жөн. Өздеріңіз білетіндей, аяқ терісі қол терісіне қарағанда қатқыл және қатты болады, оған себеп аяққа түсетін үздіксіз күш, жабық аяқ киім, демек күтім амалдарын да көбірек жасау керек.
Скрабтар, пилингтер мен арнайы щеткалар – мұның бәрі бет үшін ғана емес, дене терісі үшін, оның ішінде аяқ терісі үшін де қолданылады. Арнайы щетканың көмегімен теріні жансызданған ұлпалардан тазарту қажет. Щеткамен өкше және бармақтарды мұқият тазалау керек. Егер қолда щетка болмаса, скраб та жарайды. Оны уқалап, айналма қозғалыс арқылы жағу керек.
Аяққа арналған тегістегіш құрал, The Body Shop; Тырнаққа арналған егеуіш, Kiss, Victoria Shu; Зақымданған кутикуланы қайта қалпына келтіретін құрал Cuticle Rehab, Sally Hansen; Кутикулаға арналған қайшы SW001, Victoria Shu; Аяққа арналған егеуіш Feet Callus File, OPI; Лак ізін кетіретін қарындаш-корректор, La Ric; Кутикуланы жібіткіш Cuticle Softener, La Ric
Тазартып алған соң теріні ылғалдандыруды ұмытпаған дұрыс. Аяқтардағы тырнақтар мен тырнақ терісін де қоректендіру қажет. Арнайы майлар мен жұмсартатын кремдерді пайдалана отырып, әр бармақты бір минуттан кем емес уақыт уқалау қажет.
Кутикулаға арналған май, Egomania; Аяққа арналған егеуіш, Oriflame; Маникюрге арналған таяқша, Mavala; Тырнаққа арналған лак, Orly; Қол күтіміне арналған Aroma Spa Mini Exotic, La Ric; Тырнаққа арналған клиппер NС 001, Victoria Shu
Егер тері қатты қабыршақтанатын болса, өкшеге қоректендіретін крем жағып, мақта матадан тігілген шұлық киіп алу керек. Жылытатын әсерінен құрал теріге жақсы сіңеді, ал әсері бірнеше есеге артады. Бұл процедураны барынша жатар алдында жасаған дұрыс.
Сурет: ellegirl.ru
Дайындаған: Анар Мұстафина
Оқи отырыңыз:
Аяқ терісінің қабыршақтануы: себебін анықтайық
"Әдемі аяқ" қандай болуы керек?
Аяқ тырнақтары неліктен қатпарланады?
A. Mustafina