Аяққа да көңіл бөл

Аяққа да көңіл бөл

Аяқ терісі өте құрғақ келеді, өкшенің тез жарылып кететуінің себебі де осыдан. Егер аяқтарыңызға үнемі педикюр жасап отыратын болсаңыз, бұл мәселенің алдын аласыз. 

Педикюр ережелері:

Алдымен аяқты сабынды суға жуып алу керек. Бұл құрғақ аяқ терісін жібітеді. Аяқ тырнағын алғанда мұқият болыңыз. Аяқ киімнің тарлығынан тырнақ башпайға кіре өсуі мүмкін. Тырнақтың бұрыштарын дұрыс алу өте маңызды. Кіре өскен тырнақ қатты әрі қалың болса, оны жұқартқан жөн. Үлкен башпай тырнақтарының бұрыштарын алмай, оны түзу сызық бойымен қию керек.

Скрабты қолдану:

Скраб? Аяқ терісіне? Әрине, иә! Аяқ терісініе де ерекше күтім қажет. Аяқ терісінің сан алуан дерттерін (мысалға, мүйізгек, өкше терісінің жарылуы) емдік шөптердің қоспалары бар пилинг немесе скраб қолдану арқылы емдеуге болады. Скрабты қолдану өлі еттенген терілерді түсіріп, өкшеңізді сәбидікіндей нәзік қылады.

Сондай-ақ:

Аяқтың терісін тазалау адамды тынықтырып, қан айналымын жақсартады. Табан өкше терісі қалыңдаған жағдайда кеуектас қолданған жөн. Келесі кеңеске құлақ түріңіз. Бір литр суға бір шай қасық ас содасын салып, оны сабынды ыстық суға қосасыз. Осындай суда аяғыңыз ерекше тез жібиді. Аяқ ваннасынан кейін қалыңдаған теріні барынша қырып, табаныңызға вазелин немесе басқа да аяққа арналған иісмайды жағасыз. Қаласаңыз, аяғыңызды суға тағы бір малып, осы дауаны қайталасаңыз болады.

Аяғыңыз тершең болса, күнделікті кешке аяғыңызды жуып, башпайлардың арасын құрғатып сүрту керек. Табан мен башпай арасындағы теріні күн сайын ашудастың 10 пайыздық ерітіндісімен ысқылап, аяққа арналған арнайы ұнтақты сеуіп отырыңыз. Оны аяқ қиім мен шұлыққа да себуге болады. Күн сайын аяқты жуып, шұлық ауыстырып, аяқ киімді кептіріп және желдетіп тұрсаңыз, аяғыңыз мөлшерден тыс терлемейді.

Кешкісін сыздап, ісіп кеткен аяққа ванна қабылдаумен қатар, ылғалдандырғыш және қоректендіргіш иісмайларды жағып отырып массаж жасаған жөн. Шаршауыңыз да басылып, біраз тынығып қаласыз.

Суреттер healblog.net, rpxwiki.com сайттарынан алынды.

С. А