- Негізгі бет
- Сымбат
- Әжімді емдейтін сиқырлы...
Әжімді емдейтін сиқырлы қоспа
Аз уақыттың ішінде нәтижеге жеткізетін, жеңіл жасалатын қоспаны назарларыңызға ұсынамыз.
Ол үшін бізге:
- жарты саруыз;
- 2 шай қасық миндаль майы;
- 1 шай қасық теңіз тұзы;
- 2 шай қасық түймедақ қайнатпасы;
- 1/2 шай қасық таза бал;
- 2 шай қасық косметикалық вазелин керек болады.
Түймедақ қайнатпасын дайындау үшін 1 шай қасық құрғақ жапырақтарын 200 мл суға салып, 20 минут қайнатыңыз. Жоғарыда аталған ингредиенттердің бәрін бір тұтас қоспа болғанынша қасықпен араластырыңыз. Қоспаны тоңазытқышта сақтау керек. Теріге жағып, асықпай уқалаңыз. 30 минуттан кейін қоспаны минералды суға малынған мақтамен сүртіп алыңыз.
Қоспа ұзақ сіңеді, сондықтан ұйықтарға кемінде 2 сағат қалғанда қолданған абзал.
Ұқсас жазбалар:
30 күннің ішінде сұлу болу үшін - 1
30 күннің ішінде сұлу болу үшін - 2
Ф. Абилова