30 күннің ішінде сұлу болу үшін... #2

30 күннің ішінде сұлу болу үшін... #2
Фото: Александр Захарченко

Өткен мақаламызда біз бір айдың ішінде сұлу болуға көмектесетін 5 кеңеспен таныстырған едік. Назарларыңызға жазбамыздың жалғасын ұсынамыз:

Басы

Алтыншы кеңес

Дүкеннен табиғи мақтадан не жүннен (жыл мезгіліне қарай) тігілген шұлық сатып алыңыз. Сары май мен бірнеше тамшы жалбыз майын араластырып, қоспа дайындаңыз. Ұйықтар алдында душтан кейін аяғыңызға қоспаны жағып, уқалаңыз.

Мұның қандай пайдасы бар?

Мұны жаз басталмай тұрып жасаған дұрыс. Себебі ыстық құмның үстінде бірнеше сағат бойы жалаң аяқ жүрген соң аяғыңыздың терісі қатайып, жарылып кетуі мүмкін. Ал бұл алдын ала күтім жасау болып саналады.

Жетінші кеңес

Сүрменің түтігін жаққышымен сабындап тазартып алыңыз. Кепкен соң ішіне бидай ұрығының майын тамызыңыз. Ұйықтар алдында майды кірпікке жағу керек. Көп жағудың қажеті жоқ.

Мұның қандай пайдасы бар?

Бір айдан кейін кірпігіңіздің қалыңдап, өсе бастағанын байқайсыз.

Сегізінші кеңес

1 стақан тұзға 1 стақан майлы қаймақ қосып, араластырамыз. Жуынып болған соң жөкемен қоспаны денеге жағып шығамыз. Содан соң жылы сумен шайып тастау керек. Әр жуынған сайын қайталап тұруға ерінбеңіз. Қоспаны тоңазытқышта сақтауға болады.

Мұның қандай пайдасы бар?

Тұз қабыршақтанған теріні алып, тазартады. Кішігірім безеуді де кетіреді. Қаймақ тұзды жұмсарту үшін керек, әйтпесе тері қызарып қалуы мүмкін. Сондай-ақ қаймақ жасушаларды нәрлендіреді.

Тоғызыншы кеңес

Гүлтәжі (амарант) майын тауып алсаңыз жақсы болар еді. Себебі оның құрамындағы сквален – теріміздің негізгі компонеттерінің бірі. Май терімізге 100 пайыз сіңіп, әжімді, тыртықты, күйген, созылған теріні емдейді. Оны күнделікті бетке, денеге жағып тұру керек.

Оныншы кеңес

Суға бірнеше тамшы (1 литр суға 5 тамшы шамасында) ментол майын қосыңыз. Шашты жуған соң осы сумен шаюды әдетке айналдырыңыз.

Мұның қандай пайдасы бар?

Шашыңыз жаңарып қалғанын бірден байқайсыз. Оның тіпті бас ауруын да басатын қасиеті бар. Қайызғақты емдеп, шашты тез майланудан қорғайды.

Осы аталған 10 кеңестің бірін қалдырмай, ерінбей жасайтын болсаңыз, бір айдың ішінде сырт келбетіңіздегі өзгерістерді байқайсыз.

Іске сәт!

Ұқсас жазбалар:

Мінсіз мүсін үшін мына қағидаларды ұстану керек

Сұлу болу үшін не жеу керек?

Ф. Абилова