- Негізгі бет
- Сымбат
- Адамның шашы 4...
Адамның шашы 4 жыл ғана өмір сүреді
Адамның шашы үнемі өсу үстінде болады. Бірі түссе, екіншісі орнына өсіп шығады. Күнделікті 30-120 шаш түсіп, қалғаны 0,4 милиметрге ұзарып отырады. Бір шаш шамамен 4 жыл өмір сүреді.
Шаштың бір-бірін алмастыруы жүйке жүйесінің, ішкі секреция бездерінің қызметімен, оның дұрыс қоректенуімен тікелей байланысты. Мұнымен қатар, қан айналымының қызметіне де тәуелді.
Әлсіздіктен, қан аздығынан және инфекциялық аурулардан шаш түсуі мүмкін. Мысалы, А дәрумені жетіспеген жағдайда бас терісі құрғап, шаштың көп түсуіне әкеліп соқтырады. Жүйке жүйесіне зақым келген жағдайда нақты бір жерде ғана шаш түседі. Мұнымен қатар, шаштың дұрыс өсіп, қайратты болуы тұқымқуалаушылықпен де байланысты.
Қартайған шақта бастың шаш өсетін бөлігінде майдың жетіспеуі көрініс табады. Осындайда бас терісі қабынып, жылтыры азайып, сынғыш, құрғақ болады. Бас терісі қабынуын тоқтатпаған жағдайда түскен шаштың орнына жіңішкесі өсіп шығады. Уақтылы емделмесе, шашты қоректендіретін жасушалар өліп, шаш қарқынды түрде түседі.
Сурет: ©Гаухар Зукенова
Оқи отырыңыз:
Бетті жұмсартуға арналған қоспа
Қ. Бүйенбай