Cірке суының пайдасы қандай?

Cірке суының пайдасы қандай?

Cірке суының адам өміріндегі маңызы зор. Оның денсаулыққа тигізер пайдасы туралы төмендегі мәлеметтерде таныс болыңыздар.

Таңертең

1 ас қасық сірке суының, 1 шай қасық бал мен 1 стақан жылы суды араластырып, қоспа дайындаңыз. Таңертең оянған бойда аш қарынға ішіңіз.

Артық салмақтан арылу үшін

1. 1 стақан жылы суға 1 ас қасық сірке суын қосыңыз. Аш қарынға ішсеңіз, ас қорытуды тездетіп, ағзаңызға күш-қуат береді.

2. 1 стақан суға 2 шай қасық сірке суын ерітіңіз. Таңғы ас кезінде, ұйықтар алдында және үшінші порцияны қалаған уақытыңызды ішіп тұрыңыз.

Тазарту

Жеміс, көкөністерді сірке суын шаюға, сонымен қатар етті тұздап, тазалауға да болады.

Бет күтімі

Лимон, гликоль және сірке қышқылын теріге жақсаңыз, әжімдерді жазады. Сондай-ақ сірке суын ісікке қарсы қолдануға болады.

Целлюлитке қарсы

Теріңізді сірке суымен сүртіп тұрсаңыз, терінің тартылуы мен целлюлитті жоқ қылып, теріні қалыпқа келтіреді. Сондай-ақ терінің жұмсақ әрі нәзік болуын қамтамасыз етеді.

Шаршауды басу

Үлкен стақан салқын суға 2 ас қасық сірке суын ерітіп, денеңізге жақсаңыз, шаршағаныңыз басылады.

Ванна

Ванна қабылдау кезінде суға сірке суын қоссаңыз, аяқ-қолдарыңыздың шаршауын басып, денені босаңсытады. Сондай-ақ кішігірім сірке суын қосып, шаш жууға да болады.

Ағзаны қорғау

2 шай қасық сірке суына 1 стақан суда ерітіңіз. Тамақтану барысында ішсеңіз, бұл қоспа ағзаның жұмысын қалыпқа келтіреді.

Баспаны (ангина) емдеу

1 шай қасық сірке суын 1 стақан суда ерітіңіз. Күнделікті тамағыңызды шайып, содан соң жұту керек.

Бүйрек ауруы

1 шай қасық сірке суын стақан суда ерітіп, күнде ішіп тұрыңыз.

Бас ауруы

1 ас қасық сірке суын мен 1 ас қасық балды стақан суда ерітіп, араластырыңыз. Тамақтану барысында ішіп алыңыз.

Гипертония/Қан қысымының артуы

2 шай қасық сірке суын суда ерітіп, күнде ішіп тұруыңыз керек.

Күйіп қалған жағдайда

Араласпаған сірке суымен күйген жерде сүртсеңіз, ауырғанын басады.

Сурет: govita.com.au

Ұқсас жазбалар:

Жалбыздың сұлу болуға көмегі бар ма?

Аяқ қажалуында бір сыр бар

Бетке арналған масканы үй жағдайында жасау #2

Шабдалы майының пайдасы #2

Ф. Абилова