Шабдалы майының пайдасы #2

Шабдалы майының пайдасы #2

Шабдалы майы – медициналық препарат ретінде де, косметикалық құрал ретінде де өте танымал.

Шабдалы майының пайдасы:

1. Бетті жасартып, жұмсағырақ етеді

2. Кішігірім әжімдерді жазады

3. Бетті ылғалдандырып, қабыршақтанудан қорғайды

4. Беттің ісінуін басады

5. Бет түсін жақсартып, нәрлендіріп, жұмсартады

Бетті тазарту:

Мақтаға шабдалы майын жағып, бетіңізді сүртіңіз. Мақта таза болғанға дейін ауыстырып тұрыңыз.

Ерін күтімі:

Ерінді жұмсарту, ылғалдандыру үшін ұйықтар алдында шабдалы майын (таза күйінде) жағып жатыңыз. Бұл әсіресе күз, қыс маусымында аса қажет әдіс.

Сурет: o.canada.com

Ф. Абилова