Арықтауды жылдамдататын 3 шай

Арықтау үшін бір сиқырлы өнім емес, көптеген факторлар қажет. Бірақ соған қарамастан, метаболизмді жылдамдатуға көмектесе аласыз және мысалы, микроэлементтер мен антиоксиданттарға бай сусындарды пайдаланып, мақсатыңызға жете аласыз. Сондай өнімдердің бірі — шай. Оның қандай түрлері арықтауға көмектесетінін ұсынамыз.

Зімбір шайы

Зімбір шайы ең пайдалы сусындардың бірі саналады және арықтауға көмектеседі. Оның құрамында гингерол және сегаол қосылыстары бар. Олар бос радикалдармен зақымдалуды азайтып, ағзаға антиоксиаданттық әсер береді. Мұндай зақымдар ағзаға жағымсыз әсер етеді: салмақ қосуға әкелетін тотығу күйзелісін күшейтеді.

Матча

Матча — тек сәнді емес, сондай-ақ артық салмақпен күресетін шынымен де пайдалы сусын. Жаттығу алдында бір кесе матча шайын ішу метаболизмнің жылдамдауына ықпал етеді: сусынның құрамындағы микроэлементтер майларды қышқылдандырады, ал ол метаболизм үдеуін ынталандырады.

Көк шай

Көк шай — арықтаушылар арасында ең танымал және сұранысқа ие шай. Көк шай майды жағуға көмектесетін антиоксиданттарға бай. Әсіресе, оны жаттығу алдында және одан кейін ішкен пайдалы. Сусында майлы жасушалардың ыдырауына қатысатын катехиндер көп.