Омырауды қалай кішірейтуге болады?

Омырауды қалай кішірейтуге болады?
Фото: twenty20photos

Сұлулық стандарты адам сенгісіз жылдамдықпен өзгеріп жатыр. Бір кездері ерін, бөксе мен кеудені үлкейту сәнге айналса, бүгінде табиғи сұлулық барынша жоғары бағаланады. Үлкен кеуде сәнді көрінгенімен кей арулар үшін ыңғайсыздық тудырып жатады. Өйткені ол омыртқаға артық салмақ салады, оның үстіне сәнді киім таңдау да қиындай түседі. Бүгін омырауды кішірейту жолдарымен таныстыратын боламыз. 

Омырау үш түрлі ұлпадан тұрады:
● безді ұлпа — сүт өндірумен айналысады;
● май ұлпасы — кеуде өлшемі анықталады;
● дәнекер ұлпа — безді ұлпа мен май ұлпасын қалпында ұстайды.

Оны кішірейтудің төрт түрлі жолы бар.

Іш киімді ауыстыру
Омырауды сырттай кішірейту үшін іш киімді ауыстыру керек. Ашық әрі берік түрінен бас тартып, оны топпен алмастыра аласыз. Олар омырауды бір жерге жинамай, киім өлшеміне сәйкес жан-жаққа бөліп тастайдықтан омырау визуальды түрде кішірейді. Кеуде жасушасына тығыздалмағандықтан арқаға түсетін салмақ та азайды. 

Спортпен айналысу үшін арнайы компрессиялық  іш киім алу керек. Ол да кеудені кішірейтіп, омыртқаны түзу ұстайды. 

Арықтау
Белгілі бір жерді арықтату мүмкін емес, сол себепті арықтау үшін  жан-жақты әрекет етуіңіз керек. Егер артық салмақ болып оны азайта бастасаңыз, бүкіл денедегі май қабаты кішірейеді, яғни кеуде мөлшері де өзгереді.  Өйткені, омырау да май ұлпасынан тұрады.

Жаттығу
Тек жаттығумен кеудені кішірейте алмайсыз, бірақ олар салмақ жоғалтуға көмектеседі. Сондықтан бұл әдісті де көргеніңіз абзал. Егер кеудеңіз өте үлкен болса, онда спортқа арналған кеудешелер көмектеспейді, сондықтан секіру немесе жүгіру сияқты жаттығулардан бас тартқан дұрыс.

Ота жасату
Оны маммопластика деп атайды.  Хирург омырауды кесу арқылы май ұлпасының бір бөлігін алып тастайды. Сол арқылы оның көлемін жинақтап тастайды. 

Өте тиімді және қауіпсіз әдіс болғанымен, отадан соң сауықтыру кезеңінен өту керек. Тағы бір минусы — ота үлкен қаражатты керек етеді.

Қандай әдістерден бас тартқан жөн?

Қатты қысып байлау
Кеудені кішіреуті үшін біреу оны бинтпен, шүберекпен қатты қысып байлап тастайды. Бірақ бұл әдіс қауіпті болуы мүмкін:
● Жаралар шығуы мүмкін, оларға бактериялар түскен кезде қабынады.
● Тыныс алу қиынға соғады;
● Тыныс алуға кедергі келтіргендіктен басыңыз және арқаңыз ауырады;
● Сүт безінде қатерлі ісіктер пайда болуы мүмкін.

Зығыр тұқымын тұтыну
Зығыр тұқымында фитоэстрогендер бар. Бұл әйел жыныс гормондарына ұқсайтын, бірақ биологиялық белсенділігі аз өсімдік қоспасы. Олар кеудедегі эстроген рецепторларымен байланысады, бірақ өсуді тоқтатады. Сондықтан, теориялық тұрғыдан, зығыр тұқымдары кеуде өлшемін кішірейтуі мүмкін. Бірақ мұны растайтын зерттеулер жоқ. Сондықтан әдіс көмектесуі екіталай. 

Кофе ішу
Күніне үш кесе кофе кеудені кішірейтеді деген аңыздың тарауына БАҚ өкілдері себепші болған. Швед ғалымдары сүт безі қатерлі ісігіне жауап беретін геннің, кофенің және кеуде өлшемінің арасындағы байланысты зерттеді. Бұл әдістің пайдасы жоқ.

Кейде санадағы дене кескіні шын өмірдегі бейнемізбен сәйкес келмейді. Бұл жағдай дисморфофобия деп аталады. Сол себепті жасөспірім шақта денсаулыққа қауіпті тәжірибелер жасауға тырысады. Түрлі қауіпке бармас бұрын,  өзіңізді қабылдауға кеңес береміз.

Т. Есқали