Шашты құбыр суымен жууға бола ма?

Құбырдан ағатын суды күнделікті қолданамыз. Жуынатын, шомылатын, ыдыс жуатын да су сол. Алайда құбырмен үйімізге ағып келген су расында таза ма? Онымен жуынуға болады ма?

Құбыр суы тазалану барысында талай рет сүзгіден өтіп, химиялық тазаруға ұшырайды. Нәтижесінде құбыр суы шаш пен теріге жаман әсер етеді. Құбыр суының теріс әсерінен сақтану шараларын қолға алыңыз.

Судың тұздылығын анықтаңыз

Құбыр суының зиян болуы оның тұздылығына байланысты. Тазалау барысында су көптеген химиялық қосылыстармен әрекетке түседі. Соңында суда артық тұздар қалып қоюы мүмкін. Суыңызды тексеріп көріңіз. Мына сұрақтарға жауап беріңіз.

Су құйылған стақанда ақ дақтар қала ма?

Шәйнектің ішінде қақ бола ма?

Ыдысты шайғаннан кейін ақ іздер қала ма?

Қайнаған судың бетінде ақшыл дақтар көріне ме?

Осы сұрақтардың көбісіне "Иә" деп жауап берсеңіз, демек сіздің үйіңіздегі құбыр суының артық тұздары бар.

Құбыр суының шашқа әсері қандай?

Құбыр суына шомылғаннан кейін бас терісі құрғап, қышып, тіпті қайызғақ пайда бола алады. Бұл бас терісінің қорғаныс қабатының бұзылғандығын көрсетеді. Құбыр суы әсерінен шаш құрғап, әлсіз болады, ұштануы да мүмкін.

Қорғану әдістері:

Шашқа арналған арнайы бальзамдар мен қоректендіргіш маскаларды қолдануды ұмытпаңыз. Олар судың жаман әсерінен шашты сауықтырады. Сусабындардың арасынан ылғалдандыратын түрлерін таңдаңыз. Шашқа арналған майларды да қолданып көріңіз. Осылайша барынша шашты құрғаудан сақтайсыз. Шашты құбыр суымен емес, таза сумен жууға тырысыңз. Құбыр суын қайнатып, не сүзгіден өткізіп, шашыңызды қорықпастан жуыңыз.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: uspeikupit.ru